Таңбозынан бір байқағаным, биылғы сайлауда үлкен ерекшелік бар секілді... Қазір Алматыда құстың қанатымен келген сұлу көктем. Сол көктеммен бірге ертемен сайраған бұлбұл үнін күнде естиміз. Ғажап әуен! Ал, бүгін бұлбұлдың нәзік үніне мерекелік ән мен күй қосылып, қала көшелері мен баулары бір шадыман шаттыққа ұласып кетіпті. Алматы түгел ән салып тұрғандай. Табиғат та дүр сілкініп, құлпыра жасанып кеткен. Мереке деп, мінеки, осыны айт!
Ең бастысы – биылғы сайлаушылардың көңіл-күйлері де ару көктемдей көтеріңкі екенін байқадық. Содан ба, олар өзгеше белсенділік танытуда. Тіпті біздің учаскеде сайлаушылардың көптігінен қайта-қайта кезекке тұрып қалып жатыр. Кейбір адамдарды сөзге тартып, сыр ақтарып, әңгімелесіп те көрдік. Содан ұққаным мынау болды... Біріншіден – сайлаушылардың саяси көзқарасы айқын, тұғыры нық, өздерінің азаматтық парызын, биік жауапкершіліктерін жақсы түсінеді.
Екіншіден, «тұрақтылық, татулық, қоғамдық келісім» деген сөздерді Елбасы Тәуелсіздігіміздің бірінші күнінен бері танбай айтып келе жатқанын білеміз. Несін жасырамыз, кейде осы сөздер әбден ығыр болғандай көрініп кететіні бар. Енді қараңыз, осы бір қарапайым сөздердің мәні мен маңызын, ақиқаты мен шындығын соңғы жылдары қазақстандықтар дұрыс түсініп, тереңнен пайымдағандай.
Оған себеп – іргедегі көрші елдерде болып жатқан алуан оқиғалар болса керек. Әсіресе, Украинадағы қантөгіс қазақстандықтарға, әсіресе, қазақ ағайынға зор сабақ болды. Украинадай алпауыт мемлекетті торғайдай тоздырған жағдай – біздің азаматтарды ұйқысынан серпілгендей күйге түсірді, ой тастады. Тәуелсіздік те, елдің тағдыры, жердің тұтастығы да – абай болмасаң, ұстараның жүзіндей нәзік мәселе екеніне көздері әбден жетті.
Сондықтан бұл жағдай халқымызды қоғамдық татулық пен бірлікке шақырып, Елбасының маңайына одан әрі тығыз топтаса түсуіне себепші болуда.
Жұртшылықтың биылғы сайлауға ерекше белсенділік танытуының үлкен сыры осында деген ойдамын.
Әлібек АСҚАРОВ,
жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10
«Травиата» тағы да таңғалдырды
Театр • Бүгін, 09:55
Өнер • Бүгін, 09:50
Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Мирас • Бүгін, 09:35