Аймақтар • 25 Тамыз, 2024

Атырауда суға батып кеткен 14 жастағы баланың денесі табылды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық құтқарушылар 22 тамызға қараған түні суға батып кеткен 14 жастағы жасөспірімнің денесін судан алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Атырауда суға батып кеткен 14 жастағы баланың денесі табылды

Ведомствоның Instagram-дағы парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, құтқарушылар 2024 жылғы 24 тамызда сағат 07:03 шамасында суға батып кеткен 2010 жылғы жасөспірімнің денесін оқиға орнынан 12 км қашықтықта судан алып шыққан.

- Іздестіру жұмыстарына ТЖД 10 жеке құрамы, 5 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды, - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД өкілдері рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қауіпті екенін, оның соңы қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.

«Облыстың тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және суға шомылудан бас тартуға шақырамыз», - дейді құтқарушылар.