фото: qazir.kz
Құжатқа сәйкес, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының шекарасының (шегінің) жалпы ауданы қазір 2529,64 гектарды құрайды, осыған байланысты Алматы облысының облыстық әкімдігіне және Алматы облысының облыстық мәслихатына Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының шекарасын (шегін) жалпы 4228, 54 гектар алаңға өзгерту туралы ұсыныс енгізіледі.
Бәйтерек ауылын қосу арқылы қала аумағын кеңейту жоспарланды.
Есік қаласы - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы облыс орталығы.
Бәйтерек ауылы - Қазақстан Республикасының Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан. 2015 жылдың 6 желтоқсанына дейін Новоалексеевка деп аталды. Бұл Бәйтерек ауылдық округінің әкімшілік орталығы. Алматыдан шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
Құжат 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.