Еуразия ұлттық университетінің мыңдаған адамнан тұратын ұжымы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне сайлауда жеңіске жетуімен құттықтайды.
Сайлаудың бүгінгі қорытындысы – Елбасының сөзсіз беделінің, қазақстандық халықтың оның елімізді әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуға және халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатын кеңінен қолдайтындығының дәлелі. Кезектен тыс өткізілген сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайта сайлануы – Қазақстанның ортақ аспаны астында өмір сүріп жатқан барша халықтың тарихи жеңісі.
Біз Қазақстанның гүлденген болашағы үшін дауыс бердік. Осы жылдар ішінде біз абыройсыз, жалаң сөзділерге сенбеуді, және жалған уәделерге көзсіз ере бермеуді үйрендік. Осы жылдар бойы біз бір адамның өмірлік ұстанымы елімізді қуатты мемлекеттер қатарына қоса алатынына сендік. Бұл адамның есімі тек Қазақстан азаматтарына ғана танымал емес – оның есімі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен гүлденудің белгісі болып табылады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – өз халқына сенетін Көшбасшы.
Бүгінде біз болашағымызды бірігіп құрудамыз. Нәтижесі Қазақстан азаматтарының уақыттың жаһандық өзгерістері аясында саяси белсенді елге айналып отырғандығын көрсетеді. Бұл ретте – бәрі ашық болды, сайлау алды науқан барысы байқаушылардың, тәуелсіз сарапшылардың жұмысынан көрініс тапты, сайлау алды этика сақталды.
Еліміздің тарихындағы ең қысқа және ең маңызды сайлауалды науқан халықтың ауызбіршілігімен, ынтымақтастығымен және болашаққа деген ұмтылысымен есте қалады, байқаушылардың өздері ұйымдастырудың және демократиялықтың жоғары деңгейін атап өтті. Үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау алды науқаны өте бірегей, есте қаларлық болып табылды. Студенттер қауымы сайлау алды науқанның барысын қызыға бақылап қана қойған жоқ: дарынды және бастамашыл, үздік, ақылды және дұрыс бағытта дамуға ұмтылған жастар Көшбасшының біреу ғана болатынын біледі. Ол барлығын болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасайды. Сондай-ақ, біз еліміздің болашақ бейнесін айқындайтын бірқатар маңызды инновациялық шешімдер қабылданған білім саласында да Президенттің шығармашылық қуаты ерекше көрініс беретіндігіне көзіміз жетті: «Назарбаев Университет», Назарбаев зияткерлік мектептері халықаралық ауқымдағы зияткерлік ойды өрістету үлгісіне айналды.
Міне, сондықтан ол – Тұңғыш. Оның бастамалары жария болған сәттен бастап бірден әрекет етуге жетелейді, осындай тұрақтылықпен шешімдерді жүзеге асыру Мемлекет басшысының аңызға айналған саяси жігерімен қамтамасыз етілген мемлекеттік аппараттың үйлесімді және ынталы жұмыс жасауын талап етеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бірегей тұлға, Қазақстан тарихына жаңа дәуірмен жанасқан іргелі оқиғаларды үйлесімді енгізе білген бірегей басшы.
Ол халықтың ішінен шықты. Қызметтік саты иірімдерінде басшылық етуді жетілдірген, саяси күрес көрігінде қайсар мінезін шынықтырған, жігерлі, дарынды, өз мақсатына барар жолда табанды және қажырлы бола білді. Ол тарихқа Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті ретінде енді, бірден-бір экономикалық өрлеуді қамтамасыз ете отырып, елімізді мемлекеттің қалыптасуындағы қиын-қыстау жылдардан аман алып шықты.
Әлемдік деңгейдегі ойлар. Ұлттық оқиғаларды әлемдік үдерістермен салыстыра отырып, шешімді халықтың игілігіне және мемлекет мүддесіне сай қабылдайды. Бұл, қайталап айтайын, Назарбаевтың білім саласындағы бастамалары мысалында ерекше көрініс береді, онда барлық шешімдер ең жоғарғы баған бойынша қабылданған.
Тағы да ұлттық басымдықтар, адамгершілік құндылықтар маңызы жөнінде. «Қазақстан тарихы мен мәдениеті – жастар жасампаздықтың қуатты көзімен сусындай алатын қайнар бұлақ», – дейді Президент. Бүгінде ұлттық басымдықтар қатарында – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Оның XXII сессиясында Төраға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ассамблеяның өзі шешуге қатысатын міндеттерді алға қойды: елімізді жаңа индустрияландыру, «Нұрлы Жол» бағдарламасы, 5 халықтық реформа – «жаңа индустрияландыру, «Мәңгілік Ел» – бұлар көп жылға бұрын есептелген ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мега-жобалар. Оларды тек қуатты бүкілхалықтық механизм ғана іске қосуға қабілетті. Болашақ біртұтас ұлт осындай бола алады. Біз бірегей және халық бірлігінің осы кезге дейін еш жерде қайталанбаған моделін қалыптастырудамыз», – деп атап өтті Елбасы.
Мемлекет басшысы болу – ауыр жүк. Бірақ біз Елбасының сөзсіз кәсібилігі жылдар бойы шыңдалып, өзінің күш-қуатымен ол жылдан-жылға халқымызды және елімізді гүлдендіретініне, ол өмір жолындағы барлық қиыншылықтарды есінде сақтай отырып, басты мақсатын берік ұстанатынына күмәніміз жоқ.
Уақыт пен оқиғалар біздің таңдауымыздың дұрыстығын растайды. Президент болашақ кодын біледі: бұл біздің дәстүрлі түрде білімге деген ұмтылысымыз. Білім деген киелі ұғым. Болашақ жастардың білімділігімен айқындалады. Білім алу – біздің басты парадигмамыз, ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тұлғасында толығымен көрініс тапқан. Оның қызметінде үнемі ұлттық ауқымдағы жобаларда жүзеге асырылып отыратын білімге деген теңдессіз ұқыптылық, бірақ белсенді, зерделі және сонымен қатар, бастамашыл қатынасты көруге болады.
Бүгінде Президенттің идеялары, бастамалары, әрекеттері Мәңгілікпен ұштасу іспеттес, олардың нақты іргетасы бар. Бізге тек жұмыс жасау керек. Тыным таппай. Президентпен бірге.
Ерлан СЫДЫҚОВ,
Л.Н. Гумилев атындағы
ЕҰУ ректоры.