Игі шара партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында өңірдің барлық ауданында өтіп жатыр. Бұл акция жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Мақсаты – әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке даярлауға қолдау көрсету.
Акцияның алғашқы күні Қонаев қаласында өтті. Бұл күні «Amanat» партиясының мүшелері 45 балаға мектеп формасын, оқулықтар, сөмкелер және кеңсе тауарларын табыстады.
«Мектеп жасындағы балаларға жаңа оқу жылы басталар алдында қуаныш сыйлап, оқушыларды керек-жарағымен қамтып келе жатқан акция биыл да жалғасын тауып отыр. Бұл – қайырымдылық акциясы бір рет қана өткізілетін іс-шара емес, өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған партияның ауқымды жүйелі жұмысының бір бөлігі. Мәселен, бес күн ішінде фракция мүшелері 16 млн теңгеден аса сомаға 350-ге жуық баланы мектепке даярладық. Науқан соңына дейін 1 200 оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз», деді «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жақыпов.
Партиялықтар жаңа оқу жылына дейін мұндай іс-шараны бірнеше мәрте ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған мәслихаттардағы «Amanat» партиясының депутаттық фракция мүшелері атсалысып жатыр.
Алматы облысы