13 Маусым, 2015

Каспийдегі кемелер соқтығысы

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-06-2015-keme01Солтүстік Каспий жобасындағы «Қашаған» кенішінің жасанды аралында екі кеме бір-бірімен соқтығысып қалды. Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, бұрнағы күнгі түнде «D» аралына таяу маңда тұрған баржаға тағы бір кеме келіп соқтығысқан. Соның салдарынан 3 адам жарақат алды. Оның бірі еліміздің 24 жастағы азаматы алғашқы медициналық көмек алумен ғана шектелген. Ал кеме механигі болып жұмыс жасайтын 56 жастағы азамат пен «Топаз марин» компаниясының 54 жастағы қызметкері облыстық ауруханаға жеткізілген. Олар Грузияның азаматтары екен. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы
Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30