Оқиға • 27 Тамыз, 2024

Сәби жүріп бара жатқан көліктен құлаған: Жүргізушінің кім екені анықталды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше әлеуметтік желіде Ақтауда жүріп бара жатқан көліктен сәбидің жол ортасына түсіп қалғаны түсірілген видео тараған еді. Қалалық полиция басқармасы көлік тізгіндеген келіншектің жеке-басы анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Сәби жүріп бара жатқан көліктен құлаған: Жүргізушінің кім екені анықталды

Фото: Видеодан скрин

Осы оқиғаға байланысты жүргізушіге қатысты «Жол қозғалысы ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын орындамау» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. 

Сондай-ақ жүргізушіге бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 18 480 теңге айыппұл салынған.