Қаржы • 27 Тамыз, 2024

Университет студенттерінің шәкіртақысы артады

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бағытталады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Университет студенттерінің шәкіртақысы артады

Фото: istockphoto.com

«Бюджет шығыстары 2025 жылға арналған кірістер мен тапшылықты ескере отырып, 2024 жылға қарағанда 1,7 трлн теңгеге ұлғайып, 25,8 трлн теңгені құрайды. Бюджет әлеуметтік бағытқа бағдарланған болып қала береді. 2025 жылы әлеуметтік салаға 2024 жылмен салыстырғанда 794 млрд теңгеге ұлғайып 9,8 трлн теңге бағытталады», деді министр.

Сонымен қатар 2024 жылмен салыстырғанда гранттар саны 2 500 орынға ұлғайтылады.

«2025 жылы шамамен 78 мың білім беру гранты бөлінеді. Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне стипендия мөлшерін орта есеппен 15-20%-ға ұлғайту жоспарланып отыр», деді Қаржы министрі.

Нәтижесінде стипендияның орташа мөлшері бакалавриат студенттері үшін 52 372 теңгені, магистратура үшін  117 098 теңгені құрайды.