Аймақтар • 27 Тамыз, 2024

Алматыда 117 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-28 тамыз аралығында оңтүстік мегаполисте «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтті. Іс-шараның алғашқы күні еліміздің көші-қон тәртібін бұзған 117 шетелдік анықталды, деп жазады Egemen.kz.


Алматыда 117 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған

Фото: polisia.kz

Олардың көпшілігі жеке құрылыста және құрылыс нысандарында жұмыс істеген. 22 шетел азаматы елден шығарылса, 42 адам ПД-нің қабылдап-таратуы бөліміне жеткізілген. 

«Ұсталғандардың арасында жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған Нигерия азаматы да бар. Тәртіп сақшылары қалада заңсыз тұрып жатқан шетел азаматтарының шоғырланған жерлерін, атап айтқанда қонақ үйлерді, жалдамалы пәтерлерді, жатақханаларды, стихиялық еңбек биржалары мен құрылыс нысандарын мұқият тексеріп жатыр», деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.