27 Сәуір, 2015

Бұрын-соңды болмаған азаматтық белсенділік

727 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін

сайлауПрезидент сайлауы туралы отандық байқаушылардың

ортақ ойы осыған тоғысып отыр

Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның төрағасы: – Өткен жексенбі Қазақстан үшін тағдыр шешті күн болды. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жоғары дә­ре­жеде, табысты өтті. Қазақстандықтар кандидат­тардың сайлау науқанына үлкен ынта-ықылас білдірді. Кандидаттар штабтары аса қысқа мерзім ішінде үгіт қызметін өрістетті. Елдің әртүрлі өңірлерінде өткізілген кездесулер барысында тұрғындар сайлау бағдарламаларының тақырыбына белсенділікпен зейін қойды. Біздің Комиссия сайлау науқанының бүкіл барысын мұқият бақылап, сайлау заңнамасының бұзылуын тіркеген жоқ. БАҚ-тарда керемет ауқымды үгіт қызметі жүргізілді. Сайлау үдерісінің басты ерекшелігі Тәуелсіздіктің 24 жылы ішінде осы сайлаушылардың ең көп қатысқандығы болды. Қазақстандықтар абсолютті басым көпшілік дауыспен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қайтадан сайлады. Осы жағдаймен Мемлекет басшысын және бүкіл қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан халқының таңдауы өте орынды әрі түсінікті. Елбасының саяси бағыты барлық азаматтардың жанына жақын. Әлеуметтік-экономикалық реформалардың көрнекі нәтижелері қазақстандықтардың өмірін сапалық тұрғыдан көп жақсартты. Мемлекет басшысының этносаралық бірлік мәселелеріндегі сарабдал саясаты елдің көпұлтты қоғамында татулық пен келісімді қамтамасыз етуде. Н.Ә.Назарбаев ауқымды инфрақұрылымдық құрылыстың, әлеуметтік жаңғыртудың, бизнесті қолдаудың жоспары болып табылатын «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске қосты. Бұл шаралар жаңа – жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік жағдайларды жақсарту және барлық салаларда жоғары технологияларға көшу деген сөз. Қазақстанда табысты жүргізіліп отырған саяси бағыт ұзақ мерзімді келешекке арналған, ал оны іске асыру тек Іс басындағы Президенттің ғана қолынан келеді. Жанаргүл ҚҰСМАНҒАЛИЕВА, Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия төрағасының орынбасары: – Кандидаттардың үгіт науқандары және сайлаудың өзі ашық әрі транспарентті түрде, қазақстандық сайлау заңнамасы мен халықаралық құқық қағидаттары аясында өтті. Кандидаттардың сайлауалды штабтары кандидаттармен және олардың сенімді өкілдерімен жеке кездесулер түрінде, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында да белсенді үгіт жұмыстарын жүргізді. Сайлау науқаны кезеңінде және дауыс берілген күні Орталық сайлау комиссиясы регламентке сәйкес барлық қажетті рәсімдерді орындады. Мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтаймын. Қазақстан халқы барлық әлемге бірліктің, топтасқандықтың және өз Көшбасшысына шынайы берілгендіктің үлгісін паш етті. Бұған таңдануға болмайды. Себебі, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың нәтижелері қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Әлеуметтік саланың дамуы әркез ел Президентінің ерекше бақылауында болып келеді. Жаңа балабақшалар, мектептер, ауруханалар жүйелі түрде ашылуда. Қолжетімді баспана құрылысы жөніндегі бағдарлама іске асырылуда. Елде барлық экономикалық көрсеткіштер тұрақты өсуде. Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың өмір дәрежесіне оң ықпалын тигізуде. Елде индустриялық-инновациялық дамудың қуатты бағдарламасы іске қосылып, оның шеңберінде жүздеген жаңа кәсіпорын ашылды және жүздеген мың жұмыс орындары құрылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның тұрақты әрі болжалды дамуы жөнінде кәміл сеніммен айтуға болады. Әділ АХМЕТОВ, Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия төрағасының орынбасары: – Жоғары дәрежеде өткен Қазақстан Президентін сайлау барлық әлемге қазақстандық қоғамдағы демократиялық үдерістердің дамуын және оның топтасқандығын танытты. Сайлау науқанының алғашқы күндерінен бастап дауыс беру рәсіміне және дауыстардың саналуына дейінгі барлық үдерістер транспарентті түрде, ашық және «Сайлау туралы» Заңға сәйкес өткізілді. Кандидаттардың республикалық қоғамдық штабтары толыққанды үгіт жұмыстарын жүргізді. Олардың жұмысын он мыңнан астам қазақстандық және мыңнан астам халықаралық байқаушылар қырағы бақылап отырды. Үгіт шаралары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрсетілді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жетті. Мен Мемлекет басшысын және оған дауыс берген барлық қазақстандықтарды құттықтаймын. Мұндай жоғары сенім көрсеткіші қазақстандықтардың ел Президентінің қазіргі бағытымен толық келісетіндігін білдіреді. Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен Тәуелсіздіктің 24 жылында айта қаларлықтай табыстарға жетті. Салиқалы саяси және экономикалық бағыт Қазақстанға әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің көшбасшысы болуға жол ашты. Татулық пен келісімнің, толеранттылық пен бірліктің қазақстандық моделін бүкіл дүние жүзі ең үздіктердің бірі ретінде таниды. Мемлекет басшысы қоғамды өз төңірегіне топтастырып, барлық ресурстарды жұмылдыра отырып, елді алға қойылған мақсатқа – дамыған экономика мен қазақстандықтардың игілігіне дәйекті түрде бастап келеді. Бүгін таңда Н.Назарбаев саясатының ақиқат нәтижелері анық көрініс тапқан. Ол дегеніміз – қарыштап өскен экономика, тиімді әлеуметтік саясат, заманауи ғажайып астана. Нығметолла ТІЛЕУКЕНОВ, Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия төрағасының орынбасары: – Қазақстан  Президентін кезектен тыс сайлау табысты өтті. Сайлау науқаны жоғары демократиялық деңгейде жүргізілді. Кандидаттардың сайлауалды штабтары тең дәрежеде белсенділік танытты. Бүкіл ел бойынша күн сайын кездесулер өткізіліп, сайлауалды бағдарламалары кеңінен түсіндірілді, билбордтар мен плакаттар саяси бағдарламаларды көрнекі түрде бейнеледі. Қазақстандық БАҚ-тардағы үгіт тең көлемде өрістеді. Дауыс беру рәсімі аса бір байыпты жағдайда өтті. Сайлау үдерісі барысында қандай да бір ретсіздік тіркелген жоқ. Қазақстандықтар басым көпшілік дауыспен транспарентті және ашық жағдайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ел Президенті етіп сайлады. Қазақстан халқының шешімі күтілген және болжалды еді. Қазіргі Қазақстан өркендеп даму үстінде: өнеркәсіп деңгейі айтарлықтай өсті, бизнес жүргізу үшін жақсы жағдайлар жасалған, халықтың тұрмыс дәрежесі артып отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі тұрақсыздықтың жағымсыз әсерлерін еңсеру орайында ауқымды әрі ұзақ мерзімді «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске қосты. Оның шеңберінде жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпорындар, әлеуметтік нысандар, автомобиль және теміржолдарын салу қарастырылған. Нұрсұлтан Назарбаев жастардың білім алуы мен еңбекке орналасуы үшін теңдессіз жағдайлар туғызуда. Президенттің қолданыстағы саясаты аясында жас отбасылар жеңілдікпен қолжетімді баспаналар алуда, олар мемлекет есебінен таңдаулы шетелдік ЖОО-ларда оқиды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев елдегі татулық пен тұрақтылықты нығайту орайында салиқалы саясат жүргізуде. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары әрбір қазақстандықтың жанына жақын. Өйткені, олар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және елдің тұтастығын нығайтуға бағытталған. Несіпбек АЙТҰЛЫ, Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Болып өткен сайлау біздің байқаушылардың жоғары біліктілігін көрсетті. Олар учаскелердің ашылу кезеңінен бастап дауыстардың саналуына дейінгі барлық дауыс беру үдерісін қырағы бақылауда ұстады. Мұның бәрі еліміздің барлық түкпірлерінен біздің Комиссияға ағылған есептерден көрініс тапты. Сайланбалы органдардың күш-жігеріне алғыс айтуымыз керек. ОСК мен жер-жердегі сайлау комиссиялары ілкімді ақпараттық жұмыстар жүргізді, барлық сайлаушылар өздерінің қандай сайлау учаскесіне тіркелгендігін білу мүмкіндігіне ие болды, сондай-ақ, олар дауыс беретін күні мен уақыты жөнінде күні бұрын хабарланды. Сайлау учаскелері заңнама талаптарына сәйкес жабдықталды. Дауыс беру барысында ереже бұзушылық тіркелген жоқ, барлық сайлаушылар өз еркін білдіру бостандығымен қамтамасыз етілді. Бүгін біз 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен президенттік сайлау ашық, адал әрі транспарентті болды деп барша жауапкершілікпен айта аламыз. Жұртшылықтың сайлауды бақылау үдерісіне қатысуы – демократиялық қоғамның аса маңызды белгісі. Сол себептен де мен біздің еліміз демократиялық институттар мен дәстүрлерді нығайту жолымен дәйекті жүріп келе жатқандығын мақтан тұтамын. Болып өткен сайлау қазақстандық сайлаушылардың азаматтық саналылығы мен белсенділігі қаншалықты өскендігін айқын көрсетті. Біз дауыс беруге келушілердің аса мол болғанын алғыс сезіммен байқау мүмкіндігіне ие болдық. Қазақстанның азаматы ретінде маған сайлаушылардың басым көпшілігінің таңдауы қымбат әрі түсінікті. Көптеген қазақстандықтар сияқты, мен де өз дауысымды өз кандидатыма –  Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бердім. Ол кісінің тәжірибесі мен көрегендік ой-пайымы Қазақстанның бүгінгі биіктерге жетуіне мүмкіндік туғызды. Ендеше, ел азаматтары қазіргі күрделі жаһандық жағдайларда ел тағдырын нақ осы толағай тұлғаға сеніп тапсырады. Рахилям МАХПИРОВА,  Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі ретінде, ең алдымен, бұл Комиссияда кездейсоқ адамдардың жоқтығын атап көрсеткім келеді. Біздің әрқайсымыз елімізде не болып жатқанына селқос қарай алмаймыз. Біз үшін «Сайлау туралы» Заңда жазылғанның бәрі нақты өмірде орындалуы маңызды. Сайлаудың заң баптарына сәйкес және барлық демократиялық қағидаттарға сай өтетіндігін әрбір қазақстандық білуі тиіс. Республикалық қоғамдық комиссияның қызметіне тартылғандардың бәрінің бұрын өткен республика Парламенті депутаттарын, ел Президентін сайлау науқандарында жинаған үлкен тәжірибелері бар. Біз сайлау кезеңінде орын алған кез келген заң бұзушылыққа жедел көңіл аударудың маңыздылығын түсінеміз. Өйткені, жұртшылықтың сайлау үдерісіне, оның ашықтығы мен мөлдірлігіне деген сенімі нақ осыған байланысты. Осы жолғы сайлау кандидаттардың өздерінің де, сондай-ақ, тұрғындардың да жоғары саяси мәдениетімен сипатталғанын атап өткім келеді. Заң бұзушылық тіркелмеді, үгіт күресі барлық талаптарға сәйкес жүргізілді. Осы ретте барлық сарапшылар сайлау штабтарының заманауи коммуникациялық технология­ларды, әсіресе, ғаламторды белсенді қолданғаны туралы пікір-пайымдарын бірауыздан айтты. Республикалық қоғамдық комиссияның басты миссиясы заңды әрі транспарентті сайлаудың өткізілуін қамтамасыз ету ғана емес. Біздің түпкі мақсатымыз – заңға деген құрметті өмірлік нормаға және қоғамдық мінез-құлықтың ең тиімді үлгісіне айналдыру. Яғни, заңға бағыну үйреншікті әдет болуы керек. Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық комиссия құрамындағы жұмыс кезінде еліміздегі сайлау үдерісінің әр жолы жетіле түсіп келе жатқанына көзім жетті. Сайлаушыларды неғұрлым толық ақпараттандыру үшін жаңа коммуникациялық технологиялар енгізілуде, сайлаушылар дауыс беретін өз учаскелерінің орналасқан жерін тексере алуы үшін электронды үкіметтің мүмкіндіктері пайдаланылуда. Әзірлік барысында біз өз байқаушыларымызбен үдеріске дұрыс мониторинг жасау жөніндегі барлық мәселелерді тиянақтадық, сайлаушылардың дауыс беру барысында біздің өкілдеріміздің не нәрсеге назар аударуы керектігінің барлық жағдаяттары талқыланды. Барлық өңірлік өкілдерге жан-жақты әдістемелік көмек көрсетілді. Дауыс беру күнін қоса айтқанда, бүкіл сайлау кезеңінің мониторингі қазақстандық және халықаралық құқықта көзделген барлық талаптардың сақталғанын айғақтайды. Сайлау адал және ашық, жоғары ұйымдық деңгейде өтті. Еліміздің барлық өңірлеріндегі байқаушыларымыз дауыс берілгені күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй үстемдік еткенін, ұрпақтар сабақтастығы айқын көрініп, қазақстандықтар сайлауға тұтас отбасыларымен келгендігін атап көрсетті. Жастар да көп болды. Бұл сайлаудағы азаматтардың жоғары белсенділігі, ең алдымен, күрделі геосаяси жағдайларда Қазақстанды жаңа жетістіктерге алып шығатын көшбасшы таңдаудың маңыздылығын түсінгендіктен туындап отыр. Қазақстандықтардың таңдауы айқын көрінді деп есептеймін. Себебі, ел азаматтары бірінші кезекте елдің келешектегі әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық татулық пен келісім, тұрақтылық пен өркендеу үшін дауыс берді. Өмірәлі ҚОПАБАЕВ, Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Республикалық сайлауды байқау жөніндегі  қоғамдық комиссияның құрамына енген 10 мың байқаушының ұшан-теңіз қызметі атап өтуге тұрарлық. Арнаулы семинар-тренингтен өткен біздің байқаушыларымыздың әрқайсысы сайлау барысын білікті әрі  күн ілгері келісіп-пішілмеген көзқарас тұрғысынан бақылады. Сайлау учаскесі ашылған алғашқы сағаттардан бастап байқаушылар өздерінің төл міндетіне қызу кірісті, сайлаушылар тізімі  бюллетеньдердің санымен салыстырылды, дауыс беретін жәшіктің пломбасы тексерілді, бюллетеньді дұрыс тарату жайы  және басқалары жіті бақылауға алынды. Байқаушылар жұмысы дауыстарды санау кезінде де жақсы жалғасып, сайлау комиссияларының барлық іс-қимылы мұқият тексерілді. Байқау қызметі – президенттік сайлау таза, ашық және заңдылықтарды сақтау аясында өтті деген қорытынды жасалды. Заң бұзушылық пен заңды теріс пайдалану  тіркелмеді, Қазақстанның демократиялық институттарды нығайту мен дамыту, оның ішінде сайлау институтын нығайтуға деген бейілдігін танытты. Жұртшылық сайлау заңдылықтарының орындалуын мониторингілеу үстінде ғана белсенділік танытқан жоқ, біз жекелеген қоғамдық қозғалыстар мен азаматтардың  еліміздің тұрғындарын азаматтық  борышын орындау үшін сайлауға келуге шақырған белсенділігін байқадық. Жастарымыз да зор ынта танытты. Біздің байқаушыларымыз байқағандай, жастарымыз Қазақстан Президентін сайлау кезінде дауыс беруде ерекше белсенділік көрсетті. Осынау электоратты циклдің ерекшелігі сол, ол күллі әлемдегі дағдарыстың беталысы байқалған сәтте Президентті сайлаудың мемлекеттің болашақ дамуы мен тағдырын айғақтайтындығына тікелей қатысты болды. Сондықтан да  халықтың басым көпшілігінің таңдауы  елдің дамуына ерекше үлес қосқан Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа түсуі заңдылық. Тамара ЛАВРИНЕНКО,  Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Астана филиалының төрайымы: – Бүгін – бүкіл сайлау науқаны мен сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия қызметінің ең шарықтау шегіне жеткен күні. Комиссия алғашқы күннен бастап өткен жылдардың тәжірибесіне сүйенді, әрине, уақыт талабына сәйкес түзетулер де жасалды. Алғашқы күннен Комиссияның әрбір мүшесінің жұмыс кестесі кездесулер мен байқаушыларды дайындау жөніндегі іс-қимыл әрекеттеріне  сықа толып тұрды. Олардың қызметі таңғы сағат 6.00-де басталып, кештің бір уағына дейін созылды. Жұмыс сайлау учаскелерінен хаттамалар көшірмесін алмайынша тоқтамады. Біз атқаратын ісімізде жан-жақты болуға дағдыландық. Үнемі істің алдын ала отырып атқаруға бейімделдік, барлық шепте шаршамай-талмай іс-қимыл таныттық. Кемшіліктерді  тез байқап, жылдам шешуге тырыстық. Бүгін – сайлау науқаны жоғары ұйымшылдықпен өтті деп айта аламыз. Атап айтқанда, бұл сайлау науқанын өткізуде біздің әрқайсымыз зор тәжірибе жинадық деп айта аламыз. Бұл мадақ  – Сайлауды байқау  жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның облыстық филиалдары басшыларының, құрметті де белсенді қоғам қайраткерлерінің атына да әбден сай. Шыңғыс ЛЕПСІБАЕВ, Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау  жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – 2015 жылғы Қазақстанда өткен сайлау үдерісіне ашық әрі транспарентті деген сипаттама беруге болады. Ол үшін сайлау науқаны кезінде заң бұзушылықтың болмағанын, жергілікті және орталық атқару органдары тарапынан қызмет бабын асыра пайдалану туралы президенттікке кандидаттардың штабына арыз-шағым түспегенінің өзін атап өтсе де жеткілікті. Пәтима МАТЖАНОВА,  Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау  жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Комиссия кандидаттарды тіркеуден бастап үгіт-насихат кезеңін қосқанда, дауыс бергенге дейін кең құлашты қызмет атқарды. Алғашқы күннен бастап ауқымды да тиімді жұмыс өрістеді. Қоғамдық байқау аумағын кеңейту мақсатында  заңды әрі транспарентті сайлау өткізу жолында Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау  жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясының филиалдары еліміздің барлық аймақтарында белсенді азаматтар қатарынан байқаушылардың сан тармақты желісі құрылды. Осы мерзім ішінде біз 14 облыс пен республикалық дәрежедегі екі қалада он мыңға жуық байқаушыны дайындап үлгердік. Комиссияның жергілікті филиалдарындағы байқаушылар жергілікті сыйлы да белсенді азаматтар ішінен іріктеліп алынды. Әрбір байқаушы заңгерлер мен сарапшылардың кеңесінен құралған арнайы семинар-тренингтен өтті. Комиссияның әрбір мүшесі аймақтарға  барып, олардың іс-қимылына дем берді. Сонымен қатар, халықаралық байқаушылармен, Орталық сайлау комиссиясымен, Бас прокуратурамен, кандидаттардың сайлауалды штабтарымен, БАҚ-тармен, сондай-ақ, басқа да ғылыми-сараптамалық  қауымдастықтармен және азаматтық сектормен ынтымақтастық рухында белсенді сұхбат жүргізілді. Өз тарапымнан бүкіл сайлау үдерісі таза да әділетті өтті деген баға беремін. Рахым ОШАҚБАЕВ,  Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Сайлау-2015 мәресіне жетті, ол адал, ашық, жан-жақты өтті деуге толық негіз бар. Мен қанағат сезімінде отырмын, өйткені, бұл істе біздің – Қазақстан Республикасындағы  Сайлауды байқау  жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның үлесі елеулі. Біздің комиссия өткен сайлаулардағыдай тағы да өзінің қауқарлы да  тиімді іс атқаратынын дәлелдеді. Жергілікті сайлаушылар да сондай баға берді. Сайлау науқаны барысында біз байқаушылармен бірге күллі елімізді аралап, сайлаушылармен кездестік, еңбек ұжымдарында болдық, сайлау учаскелерінің жұмысын тексердік, БАҚ-тардың жұмысын мониторингтедік, сайлаушыларды олардың сайлау құқымен таныстырдық. Көңіл қуантарлығы, барлық жерден қолдау таптық. Үлкен жұмыстың жемісін бүгінгі барлық ұлттық заңдарымыз аясында халықаралық талаптарға сәйкес өткен президенттік сайлаудың қорытындысынан байқап отырмыз. Біз барлық үміткерлердің сайлау үдерісінде тең болуын, бірдей шарт қойылуын, тең құқықтарының сақталуын қадағаладық. Біз бүгін жоғары деңгейде атқарылған жұмыстың жемісіне куә болдық. Сонымен, таза да әділетті сайлау мәресіне жетті, біз міндетімізді толық орындадық. Сайлау қорытындысы көрсеткендей, әрбір сайлау учаскесінде тәуелсіз халықтық байқаушы дауыс беру үдерісін мұқият қадағалады. Біздің атқарған жұмысымыз комиссияның жергілікті аумақтық жерлерінде  жүргізілген жұмыс  есебінде атап көрсетілетін болады. Бүгін біз Қазақстанда жан-жақты, әділ де ашық сайлау науқаны өтті деп батыл айта аламыз. Аманқұл СЕРІКБАЕВ, Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия штабының жетекшісі: – Мен үшін Қазақстан Республикасындағы  сайлауды байқау  жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі болу – зор бақыт. Осынау сайлау науқаны кезінде біздің байқаушыларымыздың саны екі есеге ұлғайды. Нәтижесінде  9500-ден астам сайлау учаскелерін толықтай қамту ісі жүзеге асты деп айтар едім. Оның үстіне біздің сайлау үдерісіне тікелей араласып, істің басы-қасында жүруіміз сайлаушылардың бізге деген сенімін арттырды. Қуаныштысы – Қазақстандағы сайлау заңдылықтарының майын ішкен, халықаралық құқықтану тармақтарын шебер меңгерген белгілі саясаттанушылар мен сарапшылардан дәріс алған  біздің байқаушылар тобы зор кәсіби біліктілік танытты. Бұл өткен президенттік сайлау алдағы талай сайлауға үлгі боларлық сипатта еліміздің тарихына жазылатынына, болашақ жаңа дәуір осы кезеңнен басталатынына сенімдімін. Алматы Нұрсұлтан Бекқайов, Алматы қаласы №86 сайлау учаскесіндегі байқаушы: – Мен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия құрамындағы байқаушы ретінде №86 сайлау учаскесінде өткен дауыс беруге қадағалау жүргіздім. Сайлау барысы кезіндегі учаскедегі жоғары ұйымдастырушылықты ерекше атап өткім келеді. Әсіресе, сайлау учаскесінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес, барлық бюллетеньдер мемлекеттік және орыс тілдерінде басылып, онда Қазақстан Республикасы Президенттігі үшін барлық үміткердің есімдері толық көрсетілген. Сайлау туралы заңға сәйкес, бюллетеньдер тізім бойынша және жеке куәліктерімен қатаң тексеріліп берілді. Әр сайлаушы кабинаға жалғыз кіріп, бір рет қана дауыс берді. Байқаушылардың сайлау учаскесіне кедергісіз келулеріне толық мүмкіндік жасалды. Ақмола облысы Белла Газдиева, Көкшетау қаласының №12 сайлау учаскесіндегі байқаушы: – №12 сайлау учаскесінің байқаушысы ретінде, учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына мониторинг жүргізу барысында ешқандай заң бұзушылықтар анықталмағанын атап өткім келеді. Аталмыш бөлімшедегі дауыс беру және дауыстарды санау барысы жалпыға бірдей демократиялық нормаларға сай ашық және әділ өтті. Сайлау күнгі жұмыстардың қорытындысы бойынша, №12 учаскедегі сайлау Конституцияға, Қазақстанның заң актілеріне және халықаралық сайлау заңдары мен стандарттарына сәйкес өткізілді. Қазақстандықтардың еркін таңдау жасау құқығы толық қамтамасыз етілді. Біздерге, байқаушыларға, сайлау барысын қадағалауға толық мүмкіндік берілді, барлық рәсімдер барынша ашық өтті. №12 сайлау учаскесінде азаматтардың сайлауға қатысу белсенділігі жоғары болды, бұл өз кезегінде сайлау үрдісінің сапалы ұйымдастырылғандығын көрсетеді. Сайлаушылар көтеріңкі көңіл күймен келіп, дауыс беру үдерісіне үлкен жауапкершілікпен қарады. Олардың арасында жастар көп болды, отбасыларымен келіп дауыс бергендер де бар. Электораттық науқан барысына кандидаттардың сайлау­алды насихат жұмыстарына да жіті мониторинг жүргіздік, нәтижесінде ешқандай талап бұзушылық тіркелмеді. Жоғарыда айтылған мәліметтер негізінде №12 сайлау учаскесінде Қазақстан Президентін сайлау жоғары деңгейде өткенін мәлімдеймін. Ақтөбе облысы Нұрлыбек Мусин, Ақтөбе қаласында №119 сайлау учаскесіндегі байқаушы: – Қазақстан Республикасы Президентін сайлау күні жүргізілген мониторинг қорытындысына сәйкес, №119 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі әділ әрі ашық, еліміздің сайлау заңнамасы мен халықаралық құқық қағидаларына сай өтті. Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылық тіркелмеді. Дауыс беру бірқалыпты жағдайда өтті, адамдар сайлау учаскесінен көтеріңкі көңіл-күймен шығып жатты. №119 учаскеде сайлауға қатысуда азаматтар үлкен белсенділік танытты, жалпы, сайлау науқаны жағымды жағдайда өтті. Осыған қарап бұл учаскедегі сайлауды ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалауға болады. Бұған дейін Президент сайлауын байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия бақылаушылары сайлау барысы туралы материалдарды жинақтап, талдау негізінде сайлау науқанына сараптама жүргізді. Оның барысында жаңалықтар топтамасы мен телеарна бағдарламаларына, сонымен қатар, баспасөз және электронды БАҚ материалдарына мониторинг жасалды. Президенттіктен үміткерлер мен олардың сайлауалды бағдарламасы және қызметтері туралы ақпарат қазақстандықтардың назарына толық әрі тең көлемде таратылды. Сайлау науқанындағы үгіт жұмыстары республиканың барлық аумақтарында кең ауқымда және ашық жүргізілді. Жұмыс қорытындысы бойынша келесіні мәлімдейміз: Қазақстан Республикасы Президент сайлауын ұйымдастыру және өткізу процесі демократиялық негізде, ашық әрі заңға сай өтті. Алматы облысы Алматбек Әмірғазин, Талдықорған қаласының №871 сайлау учаскесіндегі байқаушы: – Президент сайлауы мемлекет тағдыры мен Қазақстан қоғамындағы басты саяси оқиға болды. Мен Президент сайлауын байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия құрамындағы байқаушы ретінде №871 сайлау учаскесінде болдым. Аталмыш учаскеде сайлау процесі ашық, әділ және ел Конституциясы мен халықаралық стандарттарға сәйкес өтті. Сайлауды ұйымдастыруда көлемді жұмыс атқарылған. Белгіленген мерзімге сәйкес сайлаушылардың тізімі жасалған. Сайлау округінің тұрғындарына дауыс беру күні мен уақыты туралы хабарланған. Жұмыс қорытындысы бойынша сайлаудың жақсы ұйымдастырылғандығын және жалпы көтеріңкі көңіл күй болғандығын атап өткім келеді. Ешқандай талап бұзушылық тіркелмеді. Электораттық науқан барысында кандидаттардың сайлауалды насихат жұмыстарына жіті мониторинг жүргіздік, нәтижесінде кандидаттарды ұсыну процесі және үш кандидаттың сайлауалды науқаны қазақстандық БАҚ-та тең және кең көлемде таралды. Осылайша, заңға және жоғары мемлекеттік деңгейге сәйкес, электоралдық науқан демократиялық тұрғыда өтті. Атырау облысы Айғанша Тілеужанова, Атырау қаласының №9 сайлау учаскесіндегі байқаушы: – Мен Қазақстан Республикасы Президент сайлауын байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі ретінде №9 сайлау учаскесінде сайлау процесіне мониторинг жүргіздім. Аталмыш учаскеде азаматтық ұстанымын білдіруге асыққан сайлаушылардың дауыс беруге қатысу белсенділігі жоғары болды. Ұйымдастырушылар сайлау барысының демократиялық талаптарға сай өтуін қамтамасыз етті. Дауыс беру «Сайлау туралы» заң мен адамдардың азаматтық және саяси құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарға толық сәйкестікте өтті. Сайлау учаскесі ашылған сәттен-ақ мұнда мерекелік көңіл-күй орнады. Дауыс беру процесі ашық әрі талапқа сай, ешқандай техникалық ақаусыз жүрді. Бұдан бұрын, кандидаттардың үгіт-насихат науқанының барлық кезеңдері де комиссияның жіті бақылауында болды. Үміткерлердің әрқайсысы ұсыну және тіркеу рәсімдерінен сәтті өтіп, аймақтарда бірқатар сайлауалды штабтары ашылды. Жеке кездесу арқылы және бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халық кандидаттардың сайлауалды тұғырнамаларының негізгі ережелерімен танысты. Кандидаттардың кең ауқымды әрі жүйелі сайлауалды насихат жұмыстары сайлау процесінің де ашық әрі әділ өтуіне ықпал етті. Шығыс Қазақстан облысы Роза Нұрсадықова, Өскемен қаласының №73 сайлау учаскесіндегі байқаушы: – Қазақстан Президентін сайлау күні мен №73 сайлау учаскесінде байқаушы болдым. Сайлау процесі барысында ешқандай заң бұзушылық тіркелмеді. Дауыс беру процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Азаматтардың дауыс беруге қатысу белсенділігі жоғары болды. №73 учаскедегі сайлау комиссиясының ұйымдасқан жұмысын ерекше атап өткім келеді. Барлық қарастырылған рәсімдер сайлау туралы заңға толық сәйкестікте өтті. Азаматтардың сайлау учаскесіне еркін келіп, дауыс беруіне кедергі келтіретіндей жағдай туындаған жоқ. Конституцияға сәйкес дауыс берудің құпиялығы қатаң сақталды. Сайлаушыларға бюллетеньдер бекітілген тізім бойынша және аты-жөнін растайтын тиісті құжаттарын көрсеткеннен кейін берілді. Сайлаудың әділ өтуін және байқаушылардың кедергісіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық іс-шаралар қарастырылған. Осы орайда сайлау күні біздің қоғамымыз белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, жылдың басты оқиғасына үлкен жауапкершілік пен саяси сауаттылық танытқанын мақтанышпен жеткізгім келеді. Жамбыл облысы Мирас Усеинов, Тараз қаласының №4 сайлау учаскесіндегі байқаушы: – Мен мониторинг жүргізген №4 сайлау учаскесінде сайлау өтетін жерді жабдықтау және жалпы сайлау процесін ұйымдастыру барысы үшін қажетті шаралар түгелдей ескерілгенін ерекше атап өткім келеді. Учаске «Сайлау туралы» Заңға сәйкес, таңғы сағат 7.00-де ашылды. Азаматтардың сайлауға қатысу белсенділігі күннің бірінші жартысында да, екінші жартысында да жоғары әрі бірқалыпты болды. Азаматтар дауыс беру алаңына емін-еркін өтіп, тиісті құжаттарын көрсеткеннен кейін бекітілген тізім бойынша сайлау бюллетеньдерін алды. Жасырын дауыс беруге арналған кабиналардың саны да жеткілікті болды. Сайлау жәшіктері мөрлеп бекітілген, еш ақауы жоқ. Байқаушылар үшін сайлау учаскесіне еш кедергісіз өтіп, ашық өткен сайлау барысын еркін қадағалауға барлық жағдай жасалды. Жалпы, мен бақылау жүргізген сайлау учаскесінде сайлау өткізу және ұйымдастыру бойынша барлық заң нормалары қатаң сақталды. Дауыс беру барысы қызу, іскерлік жағдайда өтті. Батыс Қазақстан облысы Светлана Сейілханова, Орал қаласының №487 сайлау учаскесіндегі байқаушы: – Қазақстан Республикасының Президентін сайлау күні мен Республикалық қоғамдық комиссия құрамында Жданов көшесі 48 мекен-жайындағы №487 учаскеде сайлау процесін бақыладым. Сайлау учаскесіне еркін кіріп, дауыс беру барысына бақылау жүргізуіме барлық жағдай жасалды. Жалпы, мен дауыс беруге дайындық барысына, сайлау учаскесінің ашылуы мен ондағы сайлау күні жүргізілген жұмыстарға мониторинг жасадым. Сайлауға қатысқандар саны көп болды, жылдың басты саяси оқиғасы мерекелік көңіл-күйде өтті. Бұл, өз кезегінде, аталмыш учаскеде сайлау барысы жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын көрсетеді. Жұмысымды қорытындылай келе айтарым, №487 сайлау учаскесінде дауыс беру ашық әрі әділ, қазақстандық сайлау заңнамасына сай және халықаралық құқықтық талаптар шеңберінде өтті. Сонымен қатар, өзім бақылау жүргізген сайлау науқанының барлық кезеңінде кандидаттардың үгіт жұмыстары туралы ақпараттарды еш кедергісіз, дер кезінде алып отырдым. Баспасөз бен электронды БАҚ-та жарияланған телебағдарламалар мен мақалаларды мониторингілеу кезінде көз жеткізгеніміздей, кандидаттардың насихат жұмыстары үшін ақпарат алаңы тең көлемде бөлінді. Жалпы айтқанда, Президенттікке кандидаттардың электораттық науқаны да ашық әрі әділ өтті. Қарағанды облысы Дарья Шапоренко, Қарағанды қаласы №15 сайлау учаскесіндегі байқаушы: – Мен республикалық қоғамдық комиссия атынан №15 сайлау учаскесінде дауыс беру барысына мониторинг жүргіздім. Сайлау учаскесі ашылған сәттен бас­тап байқағаным, өз азаматтық ұстанымын білдіріп, еліміздің ертеңгі болашағына алаңдаушылық танытқан адамдардың дауыс беруге қатысу белсенділігі өте жоғары болды. Әрбір азамат дауыс беру алаңына еш кедергісіз өтіп, аты-жөнін растайтын құжаттарын көрсеткеннен кейін дауыс беру бюллетеньдерін толтыруға және конституциялық құқығына сай өз кандидатына дауыс беруге мүмкіндік алды. Жасырын дауыс беру үшін арнайы жабдықталған кабиналардың саны жеткілікті болды. Әр сайлаушының кабинаға жалғыз кіріп, бір рет қана дауыс беруін қатаң бақылап отырдық. Осылайша, Қазақстан Республикасының Консти­туциясына сәйкес, жасырын дауыс беру шарттары толық сақталды. Қорыта келе, №15 учаскедегі сайлау процесі заң нормаларына толық сәйкестікте өткенін мәлімдеймін. Қостанай облысы Қаблан Рагат, Қостанай ауданы Глазуновка ауылындағы №532 сайлау учаскесінің байқаушысы: – Мен Қазақстан Республикасы Президент сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның байқаушысы ретінде №532 учаскесінде сайлау процесіне мониторинг жүргіздім. Бақылау барысында байқағаным, сайлау процесін заңнамада қарастырылған рәсімдерді сақтай отырып, жоғары деңгейде өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Сайлау учаскесі ашылмай тұрып, жасырын дауыс беруге арналған кабиналардың жабдықталуы, мөрлеп бекітілген жәшіктің тегістігі тексеріліп, байқаушылар, комиссия мүшелері мен БАҚ өкілдері үшін қолайлы орындар бөлінді. Сонымен қатар, заң талаптары бойынша, сайлаушылардың тізімі мен бюллетеньдер санының сәйкестігі қатаң қадағаланды. Тағы бір атап өтерлігі, сайлауға қатысқандар саны көп болды. Бұл өз кезегінде азаматтардың жылдың басты саяси оқиғасынан шет қалмай, белсенділік танытқанын көрсетеді. Қызылорда облысы Азамат Сарыбаев, Қызылорда қаласының №219 сайлау учаскесіндегі байқаушы: – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия құрамындағы байқаушы ретінде дауыс беру күні №219 сайлау учаскесінде қадағалау жүргіздім. Мен дауыс берушілердің учас­кеге кедергісіз кіру мүмкіндігіне, кандидаттардың есімдері белгіленген бюллетеньдер тізімге сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жеткілікті көлемде болуына, сайлаушылардың тізімінің нақтылығы мен жасырын дауыс беру талаптарына тексеріс жүргіздім. Бюллетеньдерді тарату процесі учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің қолы қойылған тізімге сәйкес жүргізілуі қатаң қадағаланды. Сайлау процесіндегі барлық іс-шаралар қалыпты, ашық, әділ әрі сайлау туралы заңнамалармен толық сәйкестікте өтті. Маңғыстау облысы Рахат Мадреев, Ақтау қаласының №21 сайлау учаскесіндегі байқаушы: – Мен Қазақстан Республикасы Президент сайлауын байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия құрамында №12 орта мектебіндегі №21 сайлау учаскесінде байқаушы болдым. Бұл учаскеде сайлау комиссиясы өз жұмысын үлкен әзірлікпен жүргізді. Сайлау округінің тұрғындары дауыс беруден 15 тәулік бұрын сайлаудың нақты уақыты және күні туралы хабардар етілді. Дауыс берушілерге сайлау бюллетеньдері жеке куәлік немесе төлқұжаттарына сәйкес берілді. Комиссия мүшелері сайлаушыларды тізімге сай қатаң тексерді. Азаматтардың барлық сайлау құқықтары, жасырын дауыс беру және ойын еркін білдіру талаптары сақталды. Сонымен қатар, біз жүргізген мониторинг барысында №21 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің жоғары белсенділігі байқалды. Жұмыс қорытындысы бойынша ешқандай заң талаптарының бұзылмағандығын, дауыс беру процесінің жақсы ұйымдастырылғандығын және көтеріңкі көңіл-күймен өткендігін айтқым келеді. Павлодар облысы Арман Ешмұратов, Павлодар қаласының №86 сайлау учаскесіндегі байқаушы: – 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Президент сайлауы өтті. №86 сайлау учаскесінде байқаушы міндетін атқара отырып, сайлау процесінің ашық және әділ өткендігін атап өткім келеді. Бұл жерде дауыс беру процесі Қазақстан Республикасының барлық заң талаптарына сәйкес өтті. Сайлау комиссиясының төрағасы сайлау бөлмесіндегі дауыс берушілердің санын қадағалап отырды. Регламентке сәйкес жүргізілген сайлау барысында жәшіктердің мөрленуінен бастап учаскелерге хаттамалардың берілуіне дейінгі барлық жұмыс процестеріне біздер, байқаушылар, қатыстық. Бұл жердегі Президент сайлауы барысы ашық, әділ, демократияға сай жүргізілді. Өз кезегінде бұл сайлау округіндегі тұрғындардың азаматтық белсенділігіне оң әсер етті. Сонымен қатар, электоралдық науқан процесіндегі Орталық сайлау комиссиясының және кандидаттардың насихат штабтарының