Білім • 27 Тамыз, 2024

151 грант: Қазақстан азаматтары Қытайда тегін білім алады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрлігі Қытайдың жоғары оқу орындарында грант негізінде оқу мүмкіндігіне ие болған ел азаматтарының тізімі анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

151 грант: Қазақстан азаматтары Қытайда тегін білім алады

Фото: bangkokbook.ru

2024-2025 академиялық оқу жылына арналған үкіметаралық гранттар шеңберінде Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған білім алушылардың соңғы тізімі жарияланды.

151 үміткерге стипендия тағайындау туралы шешімді Қытай Халық Республикасы қабылдады.

Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді. Оқу ағылшын немесе қытай тілінде өтеді.

Ұсынылған үміткерлер тізімімен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ bolashak.gov.kz сайтында танысуға болады.

«Егер сіз оқуға арналған стипендиаттар тізімінде болсаңыз, онда 60 күнтізбелік күн ішінде оқуға шарт жасасу үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға жүгінуіңіз қажет. Шарт жасасу бойынша егжей-тегжейлі кеңес алу үшін нормативтік құқықтық және шарттық қамтамасыз ету басқармасына 8-7172-76 90 79 (ішкі.170,181) хабарласа аласыз», делінген министрлік хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30