Қоғам • 28 Тамыз, 2024

Авторлық құқықты бұзғандарға қандай жаза қолданылады

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда айыппұлдың жаңа түрі енгізілуі мүмкін. Мұндай түзетулер зияткерлік меншік туралы заң жобасында бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Авторлық құқықты бұзғандарға қандай жаза қолданылады

фото: dzen.ru

Әділет министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң жобасы Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен қорғауды қамтамасыз ету, оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша қосымша құқықтық құралдарды енгізу мақсатында әзірленгені айтылған.

Құжатта көптеген маңызды түзету бар, соның ішінде авторлық құқықты бұзғаны үшін айыппұл салу. Айта кетейік, бүгінде авторлық құқықты бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қылмыстық кодекстің 198-бабы («Авторлық немесе сабақтас құқықтарды бұзу») бойынша ең төменгі жаза 80 АЕК-ке дейін (2024 жылы 295 360 теңге) айыппұлды көздейді, ең ауыр жаза 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.

«Қазіргі уақытта авторлық құқықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу мәселесі пысықталып жатыр», деп хабарлады Әділет министрлігі.