Белсенділік танытуға бар жағдай жасалған
Алматы қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауына белсенділікпен қатысты. БАҚ өкілдерінен құралған топ әсем қалаға қыдырып келіп, жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс берген қазақстандықтармен де тілдесіп, қаладағы сайлау нүктелерінде өз азаматтық міндетін атқарған азаматтармен кездесті. Алматы қалалық сайлау комиссиясының құрамында 8 аудандық сайлау комиссиясы жұмыс істеді. Олардың барлығында 513 сайлау учаскесі тіркеліп, әр учаске өз аймағындағы тұрғындармен тығыз жұмыс істеді. Саяси науқанға қала бойынша 3600-ден астам адам жұмылдырылған. Қала бойынша қалыптасқан әрбір сайлау комиссиясында 7 адамнан бар. Олар әртүрлі партия мен тәуелсіз қоғамдық ұйымдардан, халықаралық байқаушы мен қоғамдық байқаушылардан тұратын топтан жасақталды. Қала бойынша жүзге тарта шетелдік байқаушылар келіп, олар өздері белгілеген сайлау учаскелерінде міндеттерін тыңғылықты атқарды. Олардың қатарында Еуроодақ, Азия және ТМД елдерінен келген, сондай-ақ, ЕҚЫҰ мен АҚШ-тан келген өкілдер бар. Алматы қаласы бойынша сайлау комиссиясының өкілдері кезектен тыс өткізілген Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттардың баршасына тең жағдайдың жасалғаны мен сайлауалды үгіт-насихат шараларына барынша жағдай туғызылғанын тілге тиек етеді. Сайлау күні қалада орналасқан барлық сайлау орындарында полициялық күзет пен қоғамдық қолдаушылар тобы белсенді жұмыс істеді. Дауыс беруге келген әр азаматқа өзінің құқығы айтылып, оның бұл үдерісте атқаратын рөлі түсіндірілді. Халықаралық және тәуелсіз байқаушыларға сайлау үдерісін толықтай бақылау мүмкіндігі жасалып, мемлекеттік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері бұл үдерістің өту барысын тікелей назарда ұстады. *** Талант РАМАЗАНОВ, Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясының мүшесі: – Қазақстан Президентін сайлау жоғары деңгейде өткеніне кәміл сенеміз. Науқан барысында біздің байқаушылар тобы нағыз кәсіби біліктілік танытты. Біз бірнеше апта бойы байқаушыларымызды жауапты іске жете дайындадық, іс барысында сайлау заңдылықтары мен халықаралық нормалардың сақталуын қадағалауға бейімдедік. Қорытындысы бүгін көз алдымызда: біріншіден, сайлаушылар жаппай дауыс беруге қатысты, екіншіден, сайлаушылар байқаушыларға арқа сүйей отырып, сайлаудың жан-жақты өтеріне көз жеткізді. Өйткені, біздің байқаушыларымыз дауыс беруде, бюллетеньдерді санауда, сайлау учаскелерін тексеруде ұқыптылық танытты. Сайлауды бақылайтын республикалық қоғамдық комиссияның мүшелері науқан барысында зор жауапкершілікті мойнына алды. Біз өз өкілдерімізге сайлауалды дайындық пен оның өтуі әділ, таза және де демократиялық тұрғыда болуын қадағалауды үнемі қайталай айтып, міндеттерін айқындап бердік. Сайлау үдерісіне жөн-жосықсыз араласпайтынымызды, тек заң бұзушылық байқалғанда ғана сайлау учаскесі төрағасының назарына салатынымызды да ескерттік. Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясының атқарған бұл жұмысы Қазақстан тарихында болашаққа жол бастаған оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі жаңа параққа жазылатыны мені мейлінше марқайтады. Онда біздің байқаушыларымыздың маңдай тері, адал еңбегі бар. Владимир ТЕЛЬНОВ, Қазақстан Республикасындағы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Сайлау аясындағы еріктілердің белсенділігі, меніңше, қазақстандық азаматтық қоғамдық институттардың пісіп-жетілгенін көрсетті дер едім. Біздің комиссия өз міндетін ойдағыдай орындап шықты деп мақтанышпен айта аламын. Біздің байқаушыларымыз жақсы дәріс алды, еліміздің барлық сайлау учаскелерінің жұмысына белсенді қатысты. Бюллетеньдер салынған жәшіктерді ашудан бастап қорытынды дауыс санына орай хаттама толтыруға дейінгі барлық жұмысқа қатысты. Қоғамдық комиссия тек сайлау болған күні ғана жұмыс істемегені анық. Ауқымды іс науқанның алғашқы күнінен бастау алған. Әсіресе, сайлау үдерісінде заңдылықтар мен халықаралық стандарттарға сәйкес зор ұйымдастыру жұмысы атқарылғанын ерекше сезіммен атап өткім келеді. Бүкіл елімізде сайлау учаскелері сайлау алдындағы дайындық кезеңінде де, одан соң да ауқымды іс атқарды. Демократиялық даму жолында мемлекет үшін маңызды азаматтардың сайлау құқы шарттарын жүзеге асырудың барлық талаптары орындалды.«Жастар» Сарайының 50 жылдығы тойланады
Аңдатпа • Бүгін, 12:46
Санжар Тәшкенбай күміс жүлдегер атанды
Бокс • Бүгін, 12:41
Ауыл шаруашылығы саласында 142 миллиард теңге тиімсіз игерілген
Оқиға • Бүгін, 12:25
Ел мектептерінде медиация қызметтері пайда болады
Оқиға • Бүгін, 11:50
Сегіз жасар оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды
Шахмат • Бүгін, 11:28
Ольга Рыпакова басшылық лауазымға тағайындалды
Спорт • Бүгін, 11:14