13 Маусым, 2015

Марстағы көне кратерден шыны табылды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
марс АҚШ-тың планетологтары Mars Reconnaissance Orbiter орбитралды аппаратының көмегімен Марстың көне кратерлерінен шыны қиқымдарын тапты. Еңбек авторлары өздері жүргізген бұл зерттеу қорытындыларын Geology журналында жариялады. Ғалымдар «қызыл планетадағы» бірнеше көне кратердің орындарында шыны қалдықтарының сақталып қалғанын байқаған. Солардың бірі Харгрейвс деп аталады. Нили аумағында орналасқан кратердің диаметрі 68 шақырым жерді алып жатыр. Осы аймақтағы жердің ылғал­дылығы бір замандарда онда тіршілік болғанынан хабар беретін сияқты. Оқымыстылар, сондай-ақ, шыны үлгілерінің де тіршілік ізін сақтап қалуы мүмкін екенін айтады. Олар тап осындай құбылысқа 2014 жылы Аргентинадағы көне кратердің орнынан табылған шыны үлгілерде органикалық молекула мен өсімдік материалына кезіккен кезде де тап болған екен. Ал кратерлердегі шынылар ғарыш денесінің планета жоғары қабатымен соқтығысу процесін жасайтын күшті қуаттың нәтижесінде пайда болады екен. Қазір Харгрейвс кратері 2020 жылы баруы ықтимал жаңа Марс кемесі қонатын орын ретінде қарастырылып отыр. Қайрат ҚҰЛЫМБЕТ.
Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30