Қазақстан • Бүгін, 16:45

Биыл бірінші сыныпқа қанша бала барады

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024-2025 жаңа оқу жылында Қазақстанда 351 176 бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл бірінші сыныпқа қанша бала барады

фото: gov.kz

Жаңа оқу жылында барлығы 369 мың бала бірінші сыныпқа барады және олардың 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді.

Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген.

2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам бала білім алады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала.