Фото: qazaqpress.kz
Жиынға қатысушылар серіктестікті дамытудың негізгі бағыттарын айқындап, «Huawei» компаниясының соңғы жаңалықтары мен шешімдерін талқылады.
«Кейінгі онжылдықта біз зерттеулер мен әзірлемелерге 160 миллиард доллар көлемінде үлкен қаражат салдық. Өткен жылы компанияның сату көлемі 99,4 миллиард долларды құрады, бұл біздің нарықтағы әлеуетімізді және қаржылық мүмкіндіктерімізді көрсетеді. 2024 жылы желімізге 59 жаңа компанияны қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл әдеттегі көрсеткіштен 114 пайызға артық», деді «Huawei Technologies Kazakhstan» бас директоры Чжао Сюй.
Жиындағы басты тақырыптардың бірі Wi-Fi 7 шешімін іске қосу туралы болды.
«2024 жылдың соңына қарай нарыққа 200 миллионнан астам Wi-Fi 7-ні қолдайтын құрылғылар шығады. Бұл – біздің корпоративті клиенттерімізге жұмыс тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін сымсыз технологияларды дамытудың жаңа кезеңі. Wi-Fi 7 көмегімен компаниялар бизнес-міндеттерді тезірек және сапалы шеше алады», деді «Huawei Technologies Kazakhstan» шешімдерді сату бөлімінің директоры Ге Лян.
Конференцияда «Huawei»-дің жетекші сарапшыларының баяндамалары ұсынылды. Олар цифрлық трансформация саласындағы білімдері мен тәжірибелерін бөлісті. Жасанды интеллектіні ұтымды қолдану, тұрақты даму және жаңа технологияларды қолданыстағы бизнес-модельдерге интеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Huawei» өз серіктестерін үнемі қолдап отырады. Бірлесіп жұмыс істеу, сапалы мамандардың біліктілігін арттыру және ресурстарға инвестиция салу өзара табысқа жетуге ықпал ететініне сенімдіміз. Біздің мақсатымыз – серіктестерге өз бизнестерін айтарлықтай дамытып, қоғамға ең пайдалы әрі тиімді шешімдерді ұсына алатындай барлық қажетті құралдарды ұсыну», деді »Huawei Technologies Kazakhstan» серіктестерімен жұмыс жөніндегі менеджер Руслан Әбілғазин.