Сырым ауданының орталығы – Жымпиты кентінде адам сенбестей таңғажайып оқиға орын алды. Осы жердің тұрғыны Болат Темірғалиевтің екі жарым жастағы Аят деген немересі өздігінен сүндеттеліп қалыпты. Бұл жәйтті көзімен көрген «Егеменнің» жанашыры әрі тұрақты авторы Шынар Молданиязова былай деп хабарлады.
– Таң қылаң бере Аят ауырсынып жылап оянады. Атасы: «Неге жыладың, бір жерің ауырып тұр ма?» – деп немересінің денесіне көз салса, насыбайының ұшы пышақпен тіліп жібергендей екіге айырылып тұр екен. Сол сәтте Болат аға Аяттың өзінен өзі бір құдіретті күштің әсерімен сүндеттеліп қалғанына көз жеткізеді. Ол сол күні сәл ауырсынып қызуы көтерілгенімен, қазір шауып жүр.
Болат ағаның айтуынша, кішкене күнінде өзін де, өмірден озған ұлы Ерболды да осылай «періштелер сүндеттеп» кеткен екен. «Мұндай оқиға біз үшін таңсық емес. Әулетімізде үшінші рет орын алып отырған жайт. Аталарымыздың рухы шөпшек, неменеміздің денесіне пышақ тимесін деген ниетпен осылай еткен шығар. Дәрігерге көрсететін ештеңесі жоқ», дейді ол.
Осы жағдайдан кейін Болат аға Сырым аудандық мешітінің өкіл имамы Армат Кәрімовті шақыртып құдайы беріп, құран оқытты. «Бұл – тек Алланың қалауымен болған іс. Мұндай оқиға арқылы Жаратқан Иеміз адамның өресі жетпейтін тылсым күштің барын сездіртіп, адамдарға ой салғысы келген шығар», деді өкіл имам таңғажайып оқиға жөнінде.
Темір Құсайын,
«Егемен Қазақстан».

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10
«Травиата» тағы да таңғалдырды
Театр • Бүгін, 09:55
Өнер • Бүгін, 09:50
Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Мирас • Бүгін, 09:35
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30