Оқиға • 29 Тамыз, 2024

Қарағанды тұрғыны қоныс аударуға берілген қаржыны мақсатсыз пайдаланған

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұра ауданының прокуратурасы  тексеру барысында ерікті қоныс аудару бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының жұмсалуындағы заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды тұрғыны қоныс аударуға берілген қаржыны мақсатсыз пайдаланған

Фото: lsm.kz

Анықталғандай, заң бұзушы тұрғын үй сатып алуға арналған қаражатты басқа мақсатта жұмсаған. Атап айтқанда, 2023 жылы Астанадан Нұра ауданына көшіп келген азамат О.Көшербай сатып алған үйіне қоныстанбаған. Оны көшіруге 966 000 теңге және тұрғын үй сатып алуына — 4 000 000 теңге бөлінген.

«2023 жылдың қараша айында ол 8 300 000 теңгеге пәтер сатып алу-сату шартын бекіткен. Алайда, тексеру барысында аталған үйде бұрынғы иесі мен оның отбасы тұрып жатқаны анықталды», делінген хабарламада.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде Ө.Көшербай мемлекеттік бюджетке 2 000 000 теңгені қайтарған. Ал қалған сомаға сотқа талап-арыз берілгені белгілі болды.