Оқиға • 29 Тамыз, 2024

Астанада жүкті әйелдің жүрегі бір сағатта үш рет тоқтап тірі қалды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 жастағы Анастасия жүктілік кезіндегі ауыр созылмалы аурудың салдарынан жүректің үш рет тоқтауынан кейін шок күйінде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада жүкті әйелдің жүрегі бір сағатта үш рет тоқтап тірі қалды

фото: ашық дереккөз

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, дәрігерлер реанимация бөлімшесінде ӨЖЖ аппаратына қосылған науқастың өмірі үшін 3 апта бойы күрескен.

«Ауруханаға түскен күннен бастап бір апта өткен соң Анастасия есін жиып, оңалтудан кейін гинекология бөлімшесіне ауыстырылды. 1 ай бойы медициналық қызметкерлердің қажырлы еңбегі арқасында науқас тыныс алуды, тамақтануды, жүруді және сөйлеуді қайта үйренді», деп жазылған хабарламада. 

Аурухананың барлық қызметкеріне алғыс білдірген Анастасия: «Олар менің баламды құтқарып, ана дүниеден қайта шығарды», деді.

Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Оразалы Абдраманов бүгінгі күні науқастың жағдайы жақсы екенін атап өтті.