Қоғам • Кеше

Бүгін - Конституция күні

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 29 жыл толды. Ата заң  1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдумда қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін - Конституция күні

Фото:gov.kz

Ата заң – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Конституция 9 тарау, 98 баптан тұрады. 

Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынған.

Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. 1995 жылы қабылданған Конституцияға әр жылдары бірқатар өзгеріс енгізілген. Конституциялық қағидаларды берік ұстану заңдардың қызмет аясын кеңейтіп, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның үдемелі дамуына жол ашты.