Оқиға • 30 Тамыз, 2024

Дін мәселелері туралы тренинг өтті

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Ақмола облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дін мәселелері туралы тренинг өтті

Осы жылдың 22-23 тамызында Қостанай облысы, Қостанай қаласындағы «City Kostanay» бизнес орталығының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері және т.б. мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – Нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог Сейтқали Мирзада Шахманұлы және Педагогика, психология маманы Туйғанов Мырзабек Сардарбекұлы семинар оқыды.

Сейтқали Мирзада Шахманұлы  «Ораторское мастерство: Искусство публичных выступлений» тақырыбында сөйлеу техникасының меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп,  дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдермен бөлісті. Сондай-ақ «Навыки высокоэффективных людей» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс істеді.

Туйғанов Мырзабек Сардарбекұлы  «Методы аргументации в противодействии деструктивным религиозным идеологиям» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс істеді. Сондай-ақ, «Формы и методы профилактики вовлечения молодёжи в деструктивные религиозные организации» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.

Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.

Соңғы жаңалықтар