Ақтау қаласының тұрғыны көпқабатты үйден құлап, мерт болды.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы – өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Әлеуметтік желілерде жедел тергеу тобының қайғылы оқиға орнына қалай жеткені, үй маңындағы аумақтың сары лентамен қоршалғаны көрсетілген видео тарады.
Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні болған.