Қылмыс • 01 Қыркүйек, 2024

Астанада жүргізуші куәлігін емтихансыз алып бермек болған алаяқ ұсталды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жүргізуші куәлігін уәде еткен алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жүргізуші куәлігін емтихансыз алып бермек болған алаяқ ұсталды

Тергеушілер ер адамның жас қызға тез арада емтихансыз көлік жүргізу құжатын алуға көмектесуді ұсынғанын анықтады. Алаяқ өз жұмысы үшін 300 мың теңге сұраған. Қаскүнемнің ұсынысымен келіскен жәбірленуші оған аударым арқылы ақша аударған. Ақшаны алғаннан кейін ер адам байланысын тоқтатып, елорда тұрғыны полицияға арызданған.

Жедел-іздестіру шаралары аясында Сарыарқа аудандық қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізуші куәлігін жасап беремін деген сылтаумен алаяқтық жолмен ақшалай қаражатты иемденген 34 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Ол жасаған қылмысын мойындап, материалдық шығынды өтеді.

Астана қаласы полиция департаменті жүргізуші куәлігін тек уәкілетті орган беретінін, оның үстіне жүргізуші куәлігін сатып алу заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын азаматтардың есіне салады.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15