фото: vlast.kz
Елімізде күн күркіреп, жаңбыр жауады, шығыста және оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Қазақстанның солтүстігінде, Ақмола, Қарағанды облыстарының солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде екі градусқа дейін үсік күтіледі.
Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, орталықта, Атыраудың шығысында, солтүстік-шығысында, Маңғыстаудың орталығында, солтүстік-батыста, Қызылорданың орталығында, оңтүстікте, батыста, Ақтөбенің орталығында, солтүстікте, Алматының орталығында, Шығыс Қазақстанның батысында, Қарағандының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, Абай облысының орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.