Былтыр елімізде өткен жалпыхалықтық «Мерейлі отбасы» байқауының Шығыс Қазақстан облысы бойынша жеңімпазы және республикалық кезеңінің қатысушылары атанған Паницкийлер отбасы да президенттік сайлауда өз таңдауларын жасады.
Андрей мен Динара Паницкийлер үшін Қазақстан Республикасы Президентін сайлау күні отбасылық мереке іспетті болды. Олар ертеңгілік өздері тұратын Курчатов қаласының №294 сайлау учаскесінде дауыс берді.
– Мен төрт баланың анасымын. Шүкір, жанымда жақсы көретін жарым мен балаларым, тұрақты жұмысым мен еңбекақым бар. Күйеуімнің ұлты – орыс, өзім қазақпын. Алайда, біз үшін ұлттық ерекшеліктеріміз кедергі болған емес. Өйткені, біз – қазақстандықпыз! Біз отбасылық мерекелерімізде ұлтымыздың дәстүрі мен салтын құрметтеп, балаларымызға үйретіп отырамыз. Сондықтан, бүгінгі қол жеткізген табыстарымыз қоғамымыздағы достық, бейбітшілік пен келісімсіз жүзеге аспаған болар еді деп ойлаймын. Күйеуімді әулетіміздің басшысы ретінде сыйлаймын. Өзім шексіз жақсы көретін балаларымның келешегіне үлкен үміт артамын. Еліміздің қазіргі жан-жақты жүргізіп отырған саясаты біздің болашаққа деген берік сенімімізді қалыптастырды. Сол себепті отбасымызбен сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық, – деді Динара.
Ал Андрей сайлау учаскесіне сайлаушылардың мол жиналғанын, олардың арасында көршілері, таныстары, достары мен бірге жұмыс істейтін әріптестері бар екенін жеткізді.
– Менің ойымша, курчатовтық тұрғындар күллі қазақстандықтар сияқты сайлауға белсенді түрде қатысты. Еліміз үшін әр дауыс маңызды. Біз де еліміздің, балаларымыздың болашағын таңдау жолында дауыс бердік, – деді ол.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Курчатов қаласы.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше