Экология • 02 Қыркүйек, 2024

Мемлекет орманды өрттен қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдайды - Қ.Тоқаев

82 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында экологиялық ахуалды жақсарту - негізгі міндет екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет орманды өрттен қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдайды - Қ.Тоқаев

Фото: bbc.com

Ал мемлекетіміздегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін қоғамда қоршаған ортаны қорғауды дәріптеудің маңызы зор. Бизнес өкілдері де табиғатты қорғау ісіне жауапкершілікпен қарауы қажет. Президент осы мәселеге қатысты нақты шара қабылдауды Үкімет пен «Атамекен» палатасына тапсырды.

«Бұл салаға озық технологияларды кеңінен енгізу жұмысын жалғастыру қажет. Табиғатты ластайтын қалдықтарға мониторинг жасайтын озық жүйе ойдағыдай жұмыс істеуге тиіс.

Қазақстанның бірегей жануарлар және өсімдіктер әлемін сақтау мәселесі әрдайым өзекті болып қала бермек. Мемлекет алдағы уақытта да кең байтақ даламызды және орманымызды өрттен қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдайды», деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы орман алқаптарын көбейту жолында «Семей орманы» сияқты орман тұқым бағы жобасын өзге аймақтарда жүзеге асыруға назар аударды.

«Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Алайда орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр. Табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін біз орман алқаптарын көбейтуіміз қажет. Бұл міндет еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де өте маңызды. Мен Президент болып сайланған күннен бастап осы мәселеге ерекше мән беріп келемін.

Елімізді көгалдандыру жұмысының қарқыны жаман емес. Тоқтап қалмай, оны жалғастыру қажет. «Семей орманы» аясында орман тұқым бағы бар. Бұл – Орталық Азиядағы халықаралық озық талаптарға сай көшет өсіретін бірден-бір кешен. Осы жобаны басқа да орманды аймақтарда жүзеге асырған абзал.

Орман-тоғайды көбейту бүкіл елді жұмылдыратын нағыз халықтық идеяға айналуы керек. Сондықтан ел ішінде ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн», деді Президент.