Сайлауды байқаушылар қатарында Маңғыстау облысына ТМД миссиясынан 9 адам келді. Сайлау барысында Ресейдің Астрахань қаласынан келген халықаралық байқаушы, Астрахань облысы губернаторы әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Игорь ЕВШЕВСКИЙге жолығып, аз-кем тілдесудің сәті түсті.
– Игорь Анатольевич, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Маңғыстауда қалай өтуде? Халықтың қатысу белсенділігі қандай?
– Сайлау Маңғыстауда өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына куә болдым. Сайлау учаскелері қалай жұмыс жасау керек болса, олар барлық жерде дәл солай, яғни заңдылықтарға сай қызмет атқарды. Таңертеңгі сағат 7.00-де Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталған сайлау бірден қарқын алып жүре берді. Жексенбі күні ұйқыдан кешірек тұратын адамдар бар, сайлау басталысымен ешкім бола қоймайтын шығар деп ойлағанмын, сөйтсем қателесіппін, «әп» дегеннен 30-40 адам кезекке тұрғанын көргенде таңғалдым. Екінші бір мен күтпеген жағдай – сайлауға, әсіресе, бастапқы кезде жастардың көп келуі. Мен бұл туралы да «таңертеңгілік үлкен кісілер, қарттар көбірек келетін болар» деп топшылағанмын. Маңғыстаулықтар сайлауға өте белсенді атсалысып жатыр. Қай учаскеге барсам да, келіп-кетіп жатқан адамдар.
– Сайлауда оғаш оқиғаларды байқадыңыз ба?
– Жоқ. Өрескел заң бұзушылықтар тұрмақ, кішігірім бұзақылықтар да болған жоқ. Адамдар тәртіпті дауыс берді, олардың әрқайсысынан көтеріңкі көңіл-күйді аңғардым. Бір-бірімен амандасып, «мерекеңмен!» деп құттықтап жатыр. Көбіне сайлау учаскелері мектептерге орналасқандықтан, ондағы комиссия құрамында көбіне мұғалімдер жүр. Келгендерді жылы қабылдап, не істеу керектігін түсіндіріп, жымия жол сілтеп жүрген оларға ризамын. Астрахань қаласының көршісі – Ақтау әсем қала, ал оның тұрғындары қонақжай, мейірімді екен. Осы жолы оған да көзім жетті және адамдардың мұндай көңілді, жайлы жайдары жүзін көру тартымды. Кейбір сайлау учаскелерінде түске дейін әуен болған жоқ, бірақ сайлаушылардың жылы жүзі, аулада ұйымдастырылған жәрмеңкелер жан-жақты бәрібір көңілді етіп тұрды.
– Рахмет.
Әңгімелескен
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді
Спорт • Бүгін, 09:54
Алматыда көлік саудасы пышақтаумен аяқталды
Қоғам • Бүгін, 09:17
Әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісі: Кәсіпкер ауылға спорт нысанын сыйлады
Қоғам • Бүгін, 09:11
Ескек есу: Біздің жігіттер халықаралық жарыста алтын мен күміс иеленді
Спорт • Бүгін, 08:43
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:13