Қанаты қатайып, бұғанасы бекіген егеменді еліміздің бәсекеге қабілетті қоғамда әлемдегі озық елдердің санатына енуі әркез мерейімізді өсіреді. Әсіресе, құқық қорғау органдары саласында өмірге келіп жатқан заңдар мен заңнамалардың қазіргі заман талабына сай өзгертіліп, толықтырылып жасақталуы күнделікті қоғам қажеттілігінен туындап отырғаны даусыз.
2015 жылдың 1қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жаңа нұсқасы қолданысқа енгені белгілі. Жаңа Қылмыстық кодекстің жобасы 467 баптан, 98-і Жалпы және 369-ы Ерекше бөлімнен тұрады. Жаңа редакциядағы кодекс әзірлеудің тағы бір қажеттілігі, оны ел Конституциясының жаңа нормаларымен, сонымен қатар, осы уақытқа дейін ратификацияланған халықаралық келісімдермен сәйкестендіруге қатысты болып табылады.
Жалпы, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру Президент Жарлығымен бекітілген 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес болуы шарт. Ал бұл тұжырымдама бойынша қылмыстық заңнаманы халықаралық келісімдермен сәйкестендіру және заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершіліктерін енгізудің маңыздылығы қарастырылған болатын. Кодекс жобасында сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрестің мемлекеттік саясатыда көрініс тауап, сыбайлас жемқорлық қылмысқа жауапкершіліктің кешенді нормалары қамтылады. Бұдан бөлек, әлеуметтік тұрғыдан осал адамдар жасаған қылмысқа қатысты телеранттық ұстаным кеңейтіледі, екінші жағынан ауыр қылмыстарға, қылмыстың қайталану көріністеріне, ұйымдасқан қылмысқа және сот төрелігіне қарсылық білдіруге қатысты шаралар қатаңдатылады.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексі жаңа нұсқасының жобасында бас бостандығынан айырудың баламасы ретінде айыппұлдар мен қоғамдық жұмыстарға тартуды ұсынады.
Бұл толықтырулар ұсақ заң бұзушылықтар мен қылмыстарға бас бостандығынан айырудан гөрі айыппұл салу арқылы сот тәжірибесін басқа арнаға бұруға жәрдемдеседі. Ұсақ заң бұзушылықтар 500 АЕК, қылмыстарға 500-ден 10-мыңға дейінгі АЕК көлемінде айыппұлдар салынады.
Едәуір көп көлемдегі айыппұлдар қылмыскерлерге бас бостандығынан айырғанмен бірдей әсер етеді. Айыппұлдар орташа есеппен 50-70 пайызға дейін артады. Айыппұлдарды алмастыруға ең қолайлы жаза ретінде біз қоғамдық жұмыстарға тартуды қарастырамыз. Егер айыппұл 1000 АЕК-ке дейін қойылса, онда оны қоғамдық жұмыстармен алмастыруға болады.
Елбасы ұстанған саясат жетегінде қолданысқа енгізілмек кодекс бұқара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың қоғам алдындағы мәдениетін көтеруге зор үлесін қоса біледі деп есептейміз.
«Тәртіпке бағынған құл болмайды» дейді батыр Бауыржан Момышұлы. Мәдениеті қарыштап дамыған, экономикасы берік орнаған тәуелсіз мемлекеттің ұстанған құқықтық жолы да сауатты, әлеуетті, жоғары дәрежеде болуы тиіс. Осы мақсатта біз бен Сіздің атқаратын еселі еңбегіміз бен қажыр-қайратымыз ел кәдесіне жарасын деген ниет бар.
Әбіласан Құрбанов,
Қызылорда қаласы
прокурорының көмекшісі.
Cурет: terraoko.com.

BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Бүгін, 20:38
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Бүгін, 19:59
Түрікменстаннан келген қабылан Маңғыстауда фототұзаққа түсті
Оқиға • Бүгін, 19:27
Астанада таеквондодан алғаш рет беделді халықаралық турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 18:59
Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31