Оқиға • 03 Қыркүйек, 2024

Орал тұрғыны үш күнде 39 рет жол ережесін бұзған

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда үш күн ішінде 39 рет жылдамдықты асырған жүргізушіге қомақты айыппұл салынды, деп жазады Egemen.kz.

Орал тұрғыны үш күнде 39 рет жол ережесін бұзған

Фото: Polisia.kz

Жергілікті полицейлер жол ережесін қасақана бұзған жүргізушіні «SuncarSmartQorgau» жүйесі арқылы анықтаған.

Ол Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген Mitsubishi Galant көлігін тізгіндеген.

«Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Айта кетейік, тексеру кезінде көліктің техникалық талаптарға сай емес екені және басқа да жол ережелерін бұзу фактілері анықталды», делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Жол ережесін бұзған жүргізушіге 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.