Аудандағы Бірлік, Теңдік ауылдары жуырда болған су тасқынынан енді ғана ес жиып, үй-жай, қора-қопсыларын жөндеуде. Көктем сайын келетін табиғат апатынан олар біраз қиындықтар көрді. Қазір жағдай орнықты, облыс, аудан әкімдіктері тарапынан барлық көмек, қолдау көрсетілуде. Қазір су шайып кеткен жолдар жөнделуде. Су тасқыны салдарынан жарамсыз болып қалған Ащысу өзенінен өтетін көпір қалпына келеді деп отыр. Біз хабарласқан су тасқынынан зардап шеккендердің бірі, көп балалы ана, «Күміс алқа» иегері Гүлсім Манзулова осы ауылда 30 жылдан бері тұрады екен.
– Соңғы рет 2013 жылы табиғаттың тосын мінезіне тап болған едік. Бұл жолы кешке қарай үйдің ішіне кірген су еденді көтеріп кетті. Абырой болғанда ауыл тұрғындары дін аман. Ауданмен байланыс үзілген жоқ. Қазір гуманитарлық көмек, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді. Бәріміз де аман-есенбіз. Бір кісідей болып бала-шағамыздың болашағы үшін барып дауыс бердік, – дейді Гүлсім апай.
Ауыл әкімі Ғалым Әменовтің айтуынша, су тасқыны кезінде ауыл тұрғындары аман, мал шығыны болған жоқ. Гүлсім айтқан, су кірген үйлер де жөнделеді. Қазір бұл мәселе қолға алынған. Ауылға Тараздан, Назарбаев зияткерлік мектептерінен көмек көрсетіліпті. «Жас Отан» жастар қанаты келіп, ақсақалдардың үй жайын, қора қопсыларын тазартып, ағаштар егіпті. Тасқынның да беті қайтқан. «Біз Президент сайлауы өтетін күнге дайындалдық. 2015 жылдың 26 сәуірі есімізде жақсылық күн болып қалсын деп ырымдадық», – дейді ауыл әкімі.
Теңдік ауылында 358 сайлаушы бар екен. Ауылдықтар ертеңгілік жақсы көңіл күймен келіп дауыс беріпті. «Табиғат апаты айтып келмейді. Ғұмыр бойы осы жерде тұрамыз. Ел мен жер, ауыл өзіміздікі. Үкімет, әкімдік ауылға қарайласып жатыр», – дейді ауылдық азаматтар.
Біз телефон арқылы хабарласқан Нескен Мәлкова апамыз бен Әлімжан Әбішев атамыз ауылдастарының жас-кәрісі бар еліміздің болашағы үшін бұл маңызды шараға мән беріп дауыс бергендерін, алдағы жақсы күндерге сенім білдіретіндерін жеткізді. Шалғайдағы бөлімшелерге екі кісі атпен барып, малшы қауымның да сайлаудан тыс қалмауын қамтамасыз етіпті.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы,
Баянауыл ауданы.

АҚШ НЛО туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53