Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2024

Жұмыспен қамту жанданып келеді

63 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биыл Абай облысында 23 мыңнан аса адамды жұмыспен қамту жоспарланған. 6 312 адамды тұрақты жұмыс орнына тұрғызу керек болса, 5 871 адамды субсидияланатын жұмыс орындарына орналас­тыру көзделген. Бұған қоса мемлекеттік арнайы бағдарламалар арқылы 3 588 адам қоғамдық жұмысқа, 278 адам әлеуметтік жұмыс орнына тартылады. Ал «Жастар практикасы» бойынша – 737, «Алғашқы жұмыс орны» жобасынан сәйкес – 280 , «Ұрпақтар келісімшартымен» – 16 және «Күміс жас» жобасы аясында 972 адам жұмыспен қамтылады.

Жұмыспен қамту жанданып келеді

Өңірлік коммуникациялар қыз­ме­тінде өткен баспасөз конференциясында Абай облысының еңбек мобильділігі орталығының директоры Еркебұлан Тұрсын жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грантты 204 адамға беру, сондай-ақ 10 мың тұрғынға шаққанда 100 жұмыс орны көрсеткіші бо­йынша 9 313 жұмыс орнын және инфрақұрылымдық жобалар аясында 1 695 жұмыс орнын құру, жұмыс берушілердің жеке өтініштеріне сәйкес 276 адамды кәсіптік оқытуға жол­дау жоспарланып отырғанын мәлім­деді.

1 қыркүйектегі дерекке сүйенер болсақ, облыс бойынша 5 307 адам тұрақты жұмыс орнын тапса, 6 115 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа тұрған екен. Бұл ретте 3 938 адам қоғамдық жұмысқа тартылса, 308 адам әлеуметтік жұмыс орнына қызметке тұрған. «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» жобалары аясында 1 860 адам жұмыс орындарына жолданған. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал тобын қолдауға арналған жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 203 қайтарымсыз грант бөлінген.

«14 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында Кәсіп­керлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шара­ларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларының 24 тармағына сәйкес 2023 жылғы ұсынылған 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз гранттарды мақсатты пайдаланудың мони­торингі өткізіледі. Мониторинг жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағдар­ламаларды үйлестіру басқар­масы, еңбек мобильділігі орталығы және қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен жүргізіледі. Бүгінге дейін Семей, Курчатов қалалары, Абай, Бесқарағай, Бородулиха аудандарында грант қаражатын мақсатты пайдалану бо­йынша мониторинг жүрігізілді. Оның барысында 91 кәсіпкерге мониторинг жасалды. 57 кәсіпкердің кәсібін жүргізіп жатқаны анықталса, ал қалған кәсіпкерлердің ісі әртүрлі себептерге байланысты тоқтап тұрғаны анықталды. Қазір Абай облысының қала мен аудан­дарында мониторинг жұмыстары жалғасып жатыр», деді Еңбек мо­биль­ділігі орталығының директоры Еркебұлан Серікқалиұлы.

ва

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Жұмыспен қамту бағдарла­малары аясында жаңадан мамандарды оқыту басты назарда екені анық. Кәсіптік оқыту жұмыссыздықпен күреске көп үлес қосады. Аймақта жыл басынан бері 200 адам кәсіптік оқытуға жолданған. Оның ішінде оқуды аяқтаған 104 маман өмірден өз орнын тапқан көрінеді. Білім алып, қайта даярлаудан өткен жандардың ішінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант алып, өзінің жеке кәсібін дөңгелетіп кеткен кәсіпкерлер де бар. Қыркүйекте атқарылған жұмыс нәтижесінде 112 бос жұмыс орын жәрмеңкесі өткен. 400-ге тарта жұмыс беруші қатысқан бос орындар жәрмеңкесінде 700-ден аса адам жұмыспен қамтылған.

Абай облысының еңбек мобиль­ділігі орталығының ұйымдас­ты­руы­мен «Tanda.enbek.kz» порталында бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Онлайн-жәрмеңкеге Семей қаласы бойынша 35 жұмыс беруші тіркеліп, 8 адам тұрақты жұмысқа орналас­ты. Алдағы уақытта да халықтың әл-ауқат қорын жақсарту, халықты жұмыспен қамту жұмыстары да қарқынды жүзеге асырылады.

 

Абай облысы