АСТАНА. 27 сәуір. Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «ҚазАқпарат» хабарлады.
Владимир Путин өз құттықтауында дауыс беру қорытындысы Қазақстан азаматтары арасындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары беделін, Мемлекет басшысының елді әлеуметтік-экономикалық жеделдете дамытуға, еуразиялық ықпалдастық үдерістерге белсене қатысуға және Ресеймен стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған кең ауқымды бағытын қолдап отырғанын қуаттайтынын айтқан.
Ресей президенті екіжақты байланыстардың барлық кешенін одан әрі өрістетуге, бірлескен жұмысты және диалогты жалғастыруға, сондай-ақ, екі ел халықтарының мүддесі үшін Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да халықаралық құрылымдар ауқымында құрлықтағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сындарлы өзара іс-қимылға дайын екенін назарға алған.
Еламан Қоңыр.
Дерек: «ҚазАқпарат».
Сурет: 24.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше