Фото: ҰОК
Құрлықтық бәсекеде Азияның 40 елінен 500-ден астам спортшы жүлдеге таласады.
Халықаралық турнир ату спортының танымалдығын арттыру, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Айта кетейік, Парижде өткен Олимпиадада осы спорт түрінен ел намысын үш атлет қорғады. Өкінішке қарай, мергендер төртжылдықтың басты додасын жүлдесіз аяқтады.