Спорт • Бүгін, 11:24

«Қазақстан халқына мың алғыс»: Давид Дегтярев ел азаматтарына үндеу жолдады

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше отандасымыз Давид Дегтярев XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пара пауэрлифтингтен алтын медаль жеңіп алған еді. Жеңісінен кейін екі дүркін чемпион ел азаматтары мен қолдау білдірген жанкүйерлеріне видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан халқына мың алғыс»: Давид Дегтярев ел азаматтарына үндеу жолдады

фото: Instagram/qazsport_official

Бұл Дегтяревтің екінші алтыны. Еске салайық, отандасымыз 2020 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарда алғаш рет жеңіске жеткен.

Дәл қазір желіде Дегтяревтың видеосы тарап жүр. Онда чемпион өзіне үміт артқан барша ел азаматына ризашылығын білдірген.

«Мен үшін дұға еткен, сенген және үміт артқандардың барлығына үлкен рахмет. Мені өсірген, білім берген тамаша отбасыма, жақындарыма мың алғыс», деді Давид Дегтярев.

Спортшы бапкеріне де ыстық ықыласын арнады.

«КСП-ке, «Мерген» клубына, бастық Ұланға, менің бапкерім Юрий Николаевич Колесниковке, Қазақстан халқына мың алғыс», деді ол.

Ал бүгін, 5 қыркүйекте Дегтяревті ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Мемлекет басшысы Давид Дегтярев тамаша нәтиже мен мызғымас қайрат көрсеткенін тілге тиек етті.