Елорда • 05 Қыркүйек, 2024

«Елорда Жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Елорда Жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды. 35 жасқа дейінгі үміткерлер 4-10 қыркүйек аралығында онлайн өтініш бере алады, деп жазады Egemen.kz.

«Елорда Жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

Фото: aikyn.kz

«Елорда Жастары» бағдарламасы Астанадағы бастапқы немесе қайталама нарықтан «Отбасы банк» АҚ арқылы пәтерді тиімді шарттармен сатып алуға мүмкіндік береді.

  • Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңге.
  • Бастапқы жарна – 10%.
  • Қарыз бойынша жылдық мөлшерлеме - 5%.
  • Несиелеу мерзімі – 19 жылға дейін.

Бағдарламаға Астана мекемелері мен ұйымдарының, соның ішінде медицина және педагог қызметкерлер, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау саласындағы мамандарды, ЖОО мен ҒЗИ, журналистер, коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлері, полиция, Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазпошта» АҚ филиалдарының бейінді қызметкерлері, «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатында есепте тұрғандар қатыса алады.

Бағдарлама бойынша өтініш беру тәртібін Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтынан көруге болады.