Алматы қаласында “Медеу” мұз айдыны спорт кешенінде “Қорғау-Антитеррор-2010” республикалық жедел-тактикалық террорға қарсы оқу-жаттығуының қорытынды фазасы өткізілді және оған барлық қуатты құрылымдардың және шұғыл әрекет ету қызметтерінің күштері мен құралдары тартылды.
Оқу-жаттығу 2011 жылғы 7-ші Қысқы Азия ойындары өткізілетін спорт нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындалу мақсатында ҰҚК террорға қарсы орталығының бастамасымен өткізілді. Аталған іс-шараның барысында республикалық және Алматы қалалық жедел штабтарының шешімдерді қабылдау және ҰҚК, ПКҚ, ІІМ, ТЖМ, Қорғаныс министрлігі және басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің өзара әрекеттестіктері пысықталды. “Қорғау-Антитеррор-2010” оқу-жаттығуының басшысы – ҰҚК төрағасының орынбасары генерал-майор Ж.Жарасов оқу-жаттығу барысында көзделген оқу-жауынгерлік міндеттер толық көлемде орындалғандығын айтып, оған тартылған барлық күштер мен құралдардың практикалық өзара әрекеттестік дағдылары мен кәсіби дайындықтарына оң баға берді. Қысқы Азиада-2011-ге дайындық барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударылып отыр. Осыған байланысты ҰҚК ТҚО ағымдағы жылда спорт ғимараттарында, сондай-ақ Азия ойындарының басқа да нысандарында бірлескен террорға қарсы бірқатар оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.