Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 06 Қыркүйек, 2024

Көшпелілер ойындары: Елордада «Бірлік Керуені» іс-шарасы өтеді

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында 6 қыркүйек күні театрландырылған қойылыммен «Бірлік Керуені» салтанатты іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көшпелілер ойындары: Елордада «Бірлік Керуені» іс-шарасы өтеді

Фото: Ашық дереккөз

«Бірлік Керуені» — Қазақстанның 20 өңірінен республиканың барлық тұрғындарын біріктіретін және еліміздің бірлігі мен мәдени әралуандығын айқындайтын, көшпелілер ойындарының бөлігі болып саналатын маңызды мәдени оқиға.

«Бірлік Керуені» іс-шарасы өткізілетін күні өңірлердің өкілдері басқаратын керуен - бұл спортшылар, қоғам қайраткерлері, түрлі облыстың батырлары Астанаға Қазақстанның қасиетті көздерінен су жеткізеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын су Астанадағы тайқазанда ойындардың ашылу күні қосылып, бірліктің басты символына айналады.

Сонымен қатар 6 қыркүйек күні сағат 17:00-де ЭКСПО аумағында (сағат 16.00-ден бастап диджей ойнайды, сондай-ақ қатысушылар үшін викториналар өткізіледі) іс-шара ресми түрде басталады.

Айта кетерлігі, «Бірлік Керуені» өткізілуіне байланысты сағат 13:00-ден 21:00-ге дейін Түркістан және Ақмешіт көшелеріндегі ЭКСПО маңындағы жолдардың бір бөлігін уақытша жабу жоспарланған.

1

 

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48