Фото:Andy Lyons/Getty Images
Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Еркін Ғаббасовты жеке құттықтап, алғыс хатпен және «Үздік цифрландырушы» төс белдігімен марапаттады.
«Біздің қатарымызда Еркіннің болғанына мақтанамыз, ол Паралимпиадада оқ ату бойынша Қазақстанға алғашқы медаль әкелді. Еркін 2014 жылдан бері Көкшетау мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келе жатқан білікті маман. Оның жетістікке жету жолы – табандылық пен қайсарлықтың тарихы», делінген хабарламада.
Сонымен қатар министрлік оның ипотекалық қарыздарын өтеуге көмектесу үшін 7 миллион теңге және тағы қосымша сертификат табыстады.