Шаруашылық • 06 Қыркүйек, 2024

Жамбыл облысында игерілмеген 2,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында ауылшаруашылығы мақсатына беріліп, бірақ уақытында игерілмеген 2 710 га жер учаскесі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында игерілмеген  2,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

фото Ашық дереккөз

Сарысу аудандық прокуратурасының анықтауынша 2022 жылы жергілікті атқарушы орган серіктестікке жалпы кадастрлық құны 15 млн теңгеден асатын жер учаскелерін берген.

Алайда, тексеру барысында жердің пайдаланылмағаны белгілі болады. Нәтижесінде жер мемлекеттік меншігіне қайтарылып, ауыл халқына жайылым ретінде пайдалануға берілді.

Ауылшаруашылығы мақсатында берілген жерлердің мақсатты игерілуі үнемі бақылауда болады.