Аймақтар • Бүгін, 19:19

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы: Алматыда семинарлар өтті

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған жоба шеңберінде Алматы қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары және тренингтер іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы:  Алматыда семинарлар өтті

Осы айдың 26-27 күндері Алматы қаласының Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында түсіндіру тобының мүшелері – Нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог Сейтқали Мирзада Шахманұлы және дінтану маманы Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы дәрістер оқыды.

Сейтқали Мирзада Шахманұлы  «Ораторское мастерство: Искусство публичных выступлений» тақырыбында сөйлеу техникасының меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп,  дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдермен бөлісті. Сондай-ақ, «Навыки высокоэффективных людей» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады.

Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы «Әлеуметтік желіде түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы» тақырыбымен қатысушыларға қазіргі ғаламтор арқылы жас өркеннің бойына тәрбиелік мәні зор дүниелерді сіңіре білу мүмкіндігін қамтамасыз ету, қазіргі уақытта жамағатпен байланысты әлеуметтік желі арқылы орнатудың маңыздылығы түсіндірілді.  Сондай-ақ, «Әлеуметтік желінің алгоритмдерін меңгеру және тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу», тақырыбында қатысушыларға әлеуметтік желіде жергілікті парақшаны жүргізу әдістерін үйретті.

Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында дәріскерлерге қатысушылар сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.