АСТАНА. 27 сәуір. Непалдағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза болғандардың саны күн санап артуда. Қазіргі уақытта зілзала құрбандары 3326 адамға жетті. Бұл туралы dni.ru хабарлады.
Непал мемлекетінің төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Рамшевар Дангал жер сілкінісінен кем дегенде 6 600 адам зардап шеккенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 25 сәуір күні Непалда магнитудасы 7,9 баллды құраған жер сілкінісі болған еді. Мұндай жойқын зілзала аталған елде соңғы рет 80 жыл бұрын тіркелген.
Әлі күнге жер асты дүмпулері тоқтамай тұр. Мамандар бір тәулік ішінде 3,5 мен 6,9 балл аралығындағы жер сілкіністерінің 48 рет қайталанғанын айтты.
Аталған табиғат апатынан Непал астанасы – Катманду қаласы ең көп зардап шекті. Мұнда мыңдаған адам қаза тауып, жүздеген үй қирап қалды.
Мамандар құрбан болғандардың саны әлі артатынын айтуда. Тіпті олар бұл көрсеткіштің кем дегенде 8 000-ға дейін жетуі мүмкін екенін назарға алды. Қазір әлемнің бірқатар елінен Непалға гуманитарлық көмектер жіберілуде.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: dni.ru.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше