Фото: istockphoto.com
«Бүгін, 9 қыркүйекте Ақтөбе, түнде Атырау, Қостанай, Астана қалаларында ауа шектен тыс ластанады деп күтіледі», делінген хабарламада.
Синоптиктер Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары бойынша болжамын ұсынды.
«Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың қалған бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, солтүстікте, шығыста, орталықта түнде және таңертең тұман күтіледі», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.