Кәсіпқой бокс • Бүгін, 14:26

«Жақында жекпе-жек!»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBO/IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жақында жекпе-жек!»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Фото:instagram.com/janibek_alimkhanuly

 

Бұл жөнінде танымал боксшы Х әлеуметтік желісінде жазды.

«Мен дайындықты бастадым. Жақында жекпе-жек!», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, жекпе-жектің нақты уақыты әлі белгіленбеген.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы осы жылдың шілде айында шаршы алаңға шығуы тиіс еді. Алайда боксшының денсаулығына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.