Фото: Туризм және спорт министрлігі
Ермек Құралбай жауапты кезеңде қырғыз спортшысынан басым түсті.
«Жақсы дайындықпен келдім. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 келіде чемпион болған қырғыз палуаны. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деп үміттенген едім. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын», деді Ермек Құралбай.
Айта кетейік, аударыспақтан сайыстар «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатыр. Бұл бәсекеде 9 елден келген 64 спортшы жүлдеге таласады.