Әскер • 10 Қыркүйек, 2024

Ол қайтып оралмады: Маңғыстауда бетінен оқ тиіп, қаза тапқан сарбаздың әпкесі

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы "Оймаша" полигонынында бетінен оқ тиіп, қаза тапқан қатардағы жауынгер Марат Барқұловтың әпкесі бауыры туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол қайтып оралмады: Маңғыстауда бетінен оқ тиіп, қаза тапқан сарбаздың әпкесі

Әпкесі әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, марқұм жауынгермен егіз болғандарын айтты.

- Кішкентай інім қызметке кетіп, қайтып оралмады. Менің егізім, біз көптен бері бір-бірімізді көрмедік, бірақ әрқашан қорғаушым бар екенін білдім, егер біреу мені ренжітсе, әрқашан қорғап қалатын. Қолынан келгенше мені қорғады, менің 1 әпкем, 1 қарындасым бар дейтін. Мен қазір не болып жатқанын түсінеймін, бірақ сенің тыныш жатуың үшін әділеттің салтанат құруына қандай да бір үлесімді қосқым келеді. Барлығын осы іс бойынша ақпарат таратуды сұраймын. #ЗаМаратика хэштегімен сторис, пост, видео жариялайық, – дейді марқұмның әпкесі.

Ол Мараттың кездейсоқ оқ тигеніне сенбейтінін және қылмыс жасаған адамның жазадан құтылып кетеді деп қорқатынын жеткізді.

Желідегі видео 900 мыңнан астам қаралым жинаған.

Соңғы жаңалықтар