АСТАНА. 27 сәуір. Президенттік сайлауда айқын жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаевты бірқатар шет мемлекеттердің көшбасшылары телефон арқылы құттықтады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Нақты айтар болсақ, Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында Мәскеуде болатын кездесу жөнінде пікір алмасты.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.
Сонымен қатар, Елбасы Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Беларусь басшысы да Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Беларусь жағы бастамашылық етті.
Одан бөлек, Мемлекет басшысы Әбу-Дабидің Мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
Әбу-Дабидің Мұрагер ханзадасы Елбасын президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады және Қазақстанды ілгерілету мен өркендетуге бағытталған ауқымды реформалардың табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді.
Әңгіме барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту шараларын талқылады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі жайттар жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ, Сербия Президенті Томислав Николич те Елбасын телефон арқылы сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
Қазақстан Президенті Сербияның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы Украинадағы дағдарысты реттеуге және Ұйымға мүше елдердің сындарлы диалогын дамытуға қызмет етеді деп үміттенетінін жеткізді.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынастарын одан әрі нығайту бағытындағы бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін айтты.
Телефон арқылы сөйлесуге Сербия жағы бастамашы болды.
Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен де телефон арқылы сөйлесті.
Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевты 26 сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен Астрахань қаласында 2014 жылғы 29 қыркүйекте өткен Каспий маңы мемлекеттерінің төртінші саммитіндегі кездесуде жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Телефон арқылы сөйлесуге Әзербайжан жағы бастамашылық етті.
Одан кейін Мемлекет басшысы Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті.
Виктор Орбан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады және Қазақстан халқының алдында тұрған ауқымды реформаларды табысты жүзеге асыруға тілестік білдірді.
Сондай-ақ, Венгрия Премьер-Министрінің Қазақстанға сәуірде жасаған сапарының қорытындыларын ескере отырып, екіжақты қарым-қатынастардың келешегі талқыланды.
Телефон арқылы сөйлесуге Венгрия жағы бастамашылық етті.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 27 Сәуір, 2015
Елбасын сайлаудағы жеңісімен шет елдердің басшылары құттықтауда

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53
«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда күріштің орнына егетін дақылды таңдады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40