Есірткі • 10 Қыркүйек, 2024

Шетелдіктер ШҚО-да ірі есірткі зертханасын ұйымдастырған

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында ірі есірткі зертханасын ұйымдастырған шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Шетелдіктер ШҚО-да ірі есірткі зертханасын ұйымдастырған

фото:gov.kz

ШҚО прокуратурасын үйлестіру кезінде облыс ҰҚК департаменті заңсыз айналымнан 630 мың бір реттік дозаға баламалы 125 килограмнан астам мефедрон, 500 литр прекурсорлар, сондай-ақ тәулігіне 30 килограмға дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін жаңа буынның зертханалық жабдықтары тәркіленді.

Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 миллиард теңгеден асады.

«Сот санкциясымен екі шетелдік азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.