Қаржы • Бүгін, 15:07

Жаңа заң аясында кімдердің несиесі есептен шығарылады

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңына енгізілген түзетулерге сәйкес 1 қыркүйектен бастап банктер заңсыз ресімделген барлық несиелерді есептен шығаруға міндетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа заң аясында кімдердің несиесі есептен шығарылады

Фото: azattyq-ruhy.kz

Елімізде бұған дейін банктерге алаяқтық жолмен алынған несиелерді есептен шығару міндеттелген еді.

Енді жаңа заң аясында несиелерден ерікті түрде бас тартқан азаматтар мен 2024 жылы 1 000 АЕК немесе 3 692 000 теңгеден асатын несие рәсімдеуге жұбайының келісімі болмаған тұлғаларға берілген несиелер де есептен шығарылады.

Несие қамытынан құтылғысы келген әр адам жаңадан несие алудан ерікті түрде бас тарта алады. Азаматтың өтініші қабылданған жағдайда, ешбір банк, оның ішінде микроқаржы ұйымы да оған жаңа несие бермейді. Егер банк тыйым салынған тұлғаға несие берсе, оны төлеуді талап ете алмайды. Банк тарапынан қандай да бір қателік кеткен жағдайда үш күн ішінде несиені есептен шығарып, тұтынушының несие тарихын түзетуі керек. Осы уақыттың ішінде түзетпесе қарызды өндіре алмайды.

Бірақ несиеден бас тартқанына қарамастан немесе ерлі-зайыптылардың рұқсаты болмаса да, қазақстандықтар ескі қарыздарын қайта қаржыландыру үшін несие ала алады. Бұл сыйақы мөлшерлемесін, ай сайынғы төлемдер мен өсімпұлдарды (айыппұлдарды) азайтуға мүмкіндік береді. Қайта қаржыландыру шарты қарыз алушыға тиімді бағытта жасалады.