Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • Бүгін, 17:40

Садақшылар бір «күміс» бір «қола» еншіледі

17 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәстүрлі садақ атудан сайыстар «Арғымақ» ат-спорты кешенінде өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Садақшылар бір «күміс» бір «қола» еншіледі

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Бүгін «Қалқан» нысанасы бойынша Ербол Тапенов күміс жүлдегер болса, Қанат Қасымхан қола жүлде иегері атанды. Айта кетсек, Қанат Қасымхан осыған дейін «Пута» нысанасы бойынша да қола жүлде жеңіп алған.

Байрақты бәсекеге қатысып жатқан 33 елдің 180 садақшысының ішінде Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы бар.