27 Сәуір, 2015

Алматылықтар Мемлекет басшысының жеңісін думандатып атап өтті (фото)

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
флэшмоб 2АЛМАТЫ. 27 сәуір. Республика сарайының  алдына еліміздің көк туын толқындата желбіретіп жиналған думанды жастар флеш-мобы «Алға, Қазақстан! Жаса, Нұрсұлтан!..» деп дауыстады. Қазақстандағы Президент сайлауының жеңісі Алматыға осылай келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қала әкімі Ахметжан Есімов: «Баршаңызды Президент сайлауындағы ортақ жеңістеріңізбен құттықтаймын, құрметті алматылықтар!», – деді. Күні бүгін әлемнің ақпарат көздерінің арасында Қазақстанда өткен Президент сайлауына халықтың қатысуын сенсацияға бағалап жатқандары да бар. Елдегі ең үлкен шаһар Алматы оған зор үлес қосты. Белгілі саясаттанушы-ғалым Әзімбай Ғали өткен Президент сайлауы туралы былай деді: «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы алдындағы легитимі бұрын да жоғары болатын. Кешегі сайлау оның қолына карт-бланш алып берді. Ел сенімінің арқасында ерекше қолдауға ие болды. Халықаралық үлкен кеңістіктегі Елбасының беделі мен мәртебесі көпшілікке аян. Президент Назарбаев сырттан да, іштен де зор қолдау алып, ешқандай даусыз таза жеңіске жетті». Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz. флэшмоб 3 флэшмоб 4